AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде аң-құстың 132 түрінің жоғалу қаупі бар

Елімізде аң-құстың 132 түрінің жоғалу қаупі бар

Әлеумет 13.03.2025, 15:44 744
Елімізде аң-құстың 132 түрінің жоғалу қаупі бар
Сурет: Egemen.kz

Соңғы жылдары жоғалып кету қаупі бар аңдардың саны артып келеді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

- Қазіргі уақытта жоғалып кету қаупі бар аң-құстарға қатысты динамика толықтай өзгеріп жатыр. Бүгінде елімізде аң-құстың 835 түрі бар. Оның Қызыл кітапқа енгізілген 132-сі түрінің жоғалып кету қаупі бар, - деді ол. 

Оның атап өтуінше, елімізде ерекше қорғалатын табиғи аймақтың аумағы 30 млн гектарға жуықтайды. Осы аймаққа кірмейтін аң-құстың сақталуын «Охотзоопром» кәсіпорнының 500-ге жуық қызметкері жіті бақылауда ұстайды.

- 2005 жылмен салыстырғанда бүгінде жойылып кетуі қаупі бар жануарлар санының артуы байқалады. Мәселен, сол жылы Құлан саны 1 212 бас болса, өткені жылы 4 600-ден асты. 8 800 арқар болса, бүгінде 21 182 басқа жетті. Қарақұйрық саны 12 500 болса, қазір 15 588 бас болды. Айта кетерлігі, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумағы жылдан жылға ұлғайып келеді. Бұл аң-құсты қорғаудың әлемдегі ең дұрыс жолы ретінде танылған. Сондықтан осы бағытта жұмысымызды жалғастырамыз, - дедң Данияр Тұрғамбаев.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #аң-құс #жоғалу қаупі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүлде қоры 94 400 000 теңге болатын бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалы өтеді

Бүгін 14:12

Алматыда ақын Мейірхан Ақдәулетұлының 3 томдық жинағы таныстырылды

Бүгін 14:05

Тоғыз айда Skills Enbek онлайн-платформасында 114,8 мыңнан астам адам оқыды

Бүгін 12:10

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталады

Бүгін 12:10

Алматы көшелерін кеңестік кезеңдегі атауымен атаған блогерге айыппұл салынды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);