AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде алғаш рет үш жолақты жол салынады

Елімізде алғаш рет үш жолақты жол салынады

Әлеумет 15.04.2025, 14:21 721 dulatbekova
Елімізде алғаш рет үш жолақты жол салынады
Сурет: Gov.kz

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Ақмола облысына іс-сапармен барып, Көкшетау – Зеренді тасжолындағы орташа жөндеу жұмыстарын тексерді. Аталған жол бойында елімізде алғаш рет реверсивті қозғалыс жолағы салынады.

Жоба аясында жолдың ені 7 метрден 11 метрге дейін кеңейеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң, үш жолақты қозғалыс жүйесі іске қосылып, оның бір жолағы реверсивті болады. Бұл жолдың өткізу қабілетін арттырып, жол-көлік оқиғаларын алдын алуға мүмкіндік бермек. Әсіресе жазғы маусымда қозғалыс қарқындылығы артқан кезде туристер мен жергілікті тұрғындар үшін бұл жол ыңғайлы әрі қауіпсіз болады деп күтілуде.

«Жазғы уақытта Зеренді курорттық аймағына баратын көлік саны артатыны сөзсіз. Жөндеу жұмыстары 47 шақырымды қамтиды. Қазір жоба аясындағы жұмыстар белгіленген кестеге сай жүріп жатыр», – деді вице-министр.

Зеренді курорттық аймағы – еліміздегі ең танымал туристік бағыттардың бірі. Мұнда жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден мыңдаған турист келіп демалады.

Жалпы 2025 жылы ауқымды орташа жөндеу бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар 7 мың шақырым жол жаңартылмақ. Бұл жұмыстар ең алдымен туристік әлеуеті жоғары өңірлерге бағытталған. Атап айтқанда, Рахманов қайнары, Алакөл, Қайыңды мен Көлсай көлдері, Баянауыл, Кендірлі, Қорғалжын қорығы және Имантау-Шалқар курорттық аймағына баратын жолдар. жөндеуден өтеді

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үш жолақты жол #Ақмола облысы #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);