Елімізде 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакциналау жүргізіледі

Елімізде 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакциналау жүргізіледі Сурет: Hospital22.ru

Тұмаудың алдын алу шаралары


Қазақстанда 15 қыркүйек күні тұмауға қарсы вакциналау басталады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 



«Жақындап қалған ЖРВИ, яғни тұмау маусымына айрықша тоқталып өткім келеді. Биыл бюджет қаражаты есебінен Ресейде шығарылған «Гриппол+» вакцинасының 2,5 млн дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында алдағы маусымға қарсы штамм бар. Бұл республиканың жалпы тұрғындарының 13 пайызын қамтуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы – 10 пайыз. ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйекте басталады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Бірінші вице-министрдің атап өтуінше, осыған орай еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы қабылданған.



«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың ең әлсіз тобы вакциналанатындығын атап өткім келеді. Олар: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және басқалары. Бұған қоса, вакциналау жұмыс берушілердің және халықтың жеке қаражаты есебінен де жүргізіледі», - деді Марат Шоранов.



Оның айтуынша, ресейлік вакцинадан бөлек Қазақстан аумағында тағы 3 өндірушінің 4 вакцинасы тіркелген. Атап айтқанда, Санофи-Пастер (Франция) өндірген «Ваксигрип Тетра», Инфлювак (Нидерланды) мен Синовак Биотек (Китай) компаниялары өндірген вакциналарды да алуға болады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:21

20:19

18:08

17:33

16:29

16:04

15:19

15:05

15:03

13:02

12:20

12:17

10:44

09:39

19:04

19:02

18:58

17:45

17:28

17:11

17:07

16:50

16:32

16:10

15:52