AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Еліміз «Спутник V» өндірісін тоқтатты

Еліміз «Спутник V» өндірісін тоқтатты

Медицина 28.04.2022, 08:46 1,734
Еліміз «Спутник V» өндірісін тоқтатты
Сурет: Azattyq.org

Вакцина қазан айына дейін жетеді.


Бұдан кейін тегін екпе үшін шетелдік вакциналар сатып алынбайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қарағанды фармацевтикалық комбинатында ресейлік «Спутник V» вакцинасын шығару жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.


Бас санитардың айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда 4 миллион дозадан астам вакцина бар. Атап айтқанда, қытайлық Sinopharm вакинасының 1,8 миллион дозасы, Pfizer - 1,5 миллион, сондай-ақ QazVac-тың 800 мың екпесі сақтаулы тұр.



«Бұның бәрі вакциналау мен ревакциналауға толығымен жетеді. Сол себепті қосымша вакцина сатып алудың қажеті жоқ. Біз екпелерді салу шараларын үнемі бақылап отырамыз. «Спутник V»-ді сатып алу жоспарда жоқ. Қазіргі кезде Қарағанды фармацевтикалық комбинаты бұрынғыдай дәрі-дәрмектерді шығарып жатыр. Вакцинаға дейін осы жұмыспен айналысқан. Қазіргі кезде ол жерде вакцина шығарылмайды», - деді Есмағамбетова.



Оның сөзіне қарағанда, қазіргі вакциналар қазан айына дейін жетеді. Бұдан кейін шетелдік вакциналар тегін екпе үшін сатып алынбайды. Оны тек кәмелет жасқа толмаған балалар үшін жеткізіп отырады. Ал ересек адамдар отандық QazVac-ты тегін ектіре алады. Шетелдік вакцинаны ақылы түрде салдыруға мүмкіндік болады.


Айта кетері, 2020 жылы желтоқсан айында Қарағанды фармацевтикалық комбинаты ресейлік «Спутник V» вакцинасын шығаруды бастаған. Ал биыл қаңтар айында ревакциналау үшін «Спутник Лайттың» 150 мың дозасы жеткізілді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спутник #вакцина #қарағанды.
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19

Алматыда автобус жолақтары мен веложолдар желісі кеңейтіліп, бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 11:11

Алматыда «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында жастармен ашық диалог өтті

Бүгін 11:09

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады

Бүгін 11:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);