Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Еліміз Иранға 250 млн долларлық тауар жеткізуге да...

Еліміз Иранға 250 млн долларлық тауар жеткізуге дайын

Әлем 27.01.2023, 04:35 1,483
Еліміз Иранға 250 млн долларлық тауар жеткізуге дайын
Сурет:Мir24.tv

Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын ұлғайтпақ.


Қазақстан Иран нарығына 250 млн доллардың тауарын жеткізуге дайын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Иранның ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Неджад аграрлық және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.


Премьер-Министр 2022 жылғы қаңтар-қараша айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 20%-дан астамға өсіп, $500 млн құрағанын атап өтті. Сонымен қатар өзара сауда көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында Қазақстан Иран нарығына жалпы құны шамамен $250 млн болатын қосымша 75 тауар позициясын жеткізуге дайын.



«Ауыл шаруашылығы қазіргі таңда даму перспективасы өте жоғары сала болып отыр. Оның өзара саудадағы үлесі – шамамен 80%. Біздің елдерімізде АӨК өнімінің тауар айналымын $1 млрд-қа дейін арттыруға мүмкіндік бар», - деді Әлихан Смайылов.



Жалпы, Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан Үкіметі екі елдің басшылары қойған жалпы сауда көлемін $3 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі міндетті орындау үшін белсенді жұмыс істеуге дайын.


Сонымен қатар Әлихан Смайылов өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі көлік-логистика саласы екенін атап өтті. Бұл тұрғыда «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі ерекше маңызға ие.



«Осы маршруттың өткізу қабілетін ұлғайту бойынша бірлескен шаралар қабылдау, атап айтқанда, «Тар жерлерді» жою жөніндегі жол картасын бекітіп, оны іске асыру жақын болашақта жүк тасымалдау көлемін едәуір ұлғайтуға жол ашар еді», - деді Әлихан Смайылов.



Оның айтуынша, Жол картасын іске асыру 2025 жылға қарай дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.


Ал Сейед Джавад Садати Нежад Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысы табысты өткенін айтты, оның қорытындысы бойынша тараптар көптеген өзара тиімді келісімге келді.


Сонымен қатар Иранның Ауыл шаруашылығы министрі сауда және жүк тасымалдау көлемін ұлғайту үшін теміржол желісі мен теңіз инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңызы зор екенін атап өтті, сондай-ақ Иран Қазақстан нарығына цитрус өнімдерін жеткізу көлемін кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Иран #тауар #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика