AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Еліміз халықаралық жүк тасымалына талапты күшейтпе...

Еліміз халықаралық жүк тасымалына талапты күшейтпек

Заң мен тəртіп 09.02.2023, 11:10 1,223
Еліміз халықаралық жүк тасымалына талапты күшейтпек
Сурет: Рarity-log.ru

20 ақпанда халықаралық жүк автотасымалына рұқсат беретін жаңа ереже күшіне енеді.


Енгізілген өзгерістер халықаралық жүк тасымалы мен өзге де рәсімдерді жүзеге асыруға рұқсат беретін талаптарды күшейтуді көздейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылдың 13 желтоқсандағы №715 бұйрығымен ("ҚР Көлік және коммуникация министрінің және ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы") тасымалдаушыларға халықаралық жүк автотасымалын іске асыруға рұқсат беретін ережелер мен Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесінің халықаралық бағыттағы қолдану ережелеріне өзгерістер енгізілді.


Бұл құжат халықаралық жүк автотасымалының еліміздегі нарығын дамытуға, сондай-ақ ішкі нарық пен отандық тасымалдаушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған.


Атап айтқанда, осы бұйрық арқылы автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкаларының қолданылу мерзімі белгіленіп, шетелдік рұқсатты алудың тәртібі айқындалды (рұқсат беру куәлігі мен рұқсат беру карточкасы "шетелдік рұқсат беру құжатын қолдану" және "қолданбау" санаттарына бөлінеді).


Сондай-ақ рұқсат куәлігі мен рұқсат карточкасының қолданылуын шектеп, оларды тоқтатумен бірге компанияларға шетелдік рұқсат құжаттарын халықаралық жүк автотасымалын іске асыруға беру мен тағы да басқа талаптар енгізіліп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жүк #Талап #тасымал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);