Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымында

Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымында Сурет: Olympic.kz

Теннис: Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина келесі кезеңге өтті


Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 


Осы «Үлкен дулыға» додасының 19-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 62-орында тұрған франциялық Каролнн Гарсиямен кортқа шықты. Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1, 6:4 есебімен қиналмай ұтты. Е.Рыбакина бәсеке барысында 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Брейкке қол жеткізбеген К.Гарсия 1 ғана эйспен шектелді. Қазақстандық спортшының келесі қарсыласы - 2018 жылғы Ролан Гаррос, 2019 жылғы Уимблдон турнирлерінің чемпионы, қазіргі кезде рейтингте 13-орында тұрған румыниялық Симона Халеп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:20

15:08

15:03

14:53

14:32

14:23

14:09

12:35

12:30

12:16

11:59

11:43

11:36

11:26

11:01

10:46

10:38

10:21

10:10

10:05

09:58

09:46

09:35

09:27

09:15