Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты

Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты Сурет: Olympic.kz

Рыбакина ресейлік теннисшімен жұптық сында финалға шықты


Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Ресей спортшысы Вероника Кудерметова Индиан -Уэллстегі турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.


Жартылай финалда қазақстандық-ресейлік дуэт Людмила Киченокты (Украина) / Елена Остапенконы (Латвия) 6:4, 6:3 есебімен ұтты. 


Екеуара кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Рыбакина мен Кудерметова үш рет Эйс орындады, бір қос қате жасады және 14 -тен алты үзіліс ұпайын жүзеге асырды. Финалда Елена мен Вероника турнирдің екінші жұбы - Сие Шувейге (Тайвань) / Элис Мертенске (Бельгия) қарсы ойнайды.


Айта кетерлігі, Индиан-Уэллсте өтіп жатқан жарыстың жекелей сында қазақстандық отандасымыз Юлия Путинцева екінші айналымнан тоқтаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:46

10:38

10:21

10:10

10:05

09:58

09:46

09:35

09:27

09:15

09:00

08:33

17:25

16:16

15:55

14:44

12:51

11:46

10:28

09:20

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32