AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елена Рыбакина Ига Швентекпен кездесе ме?

Елена Рыбакина Ига Швентекпен кездесе ме?

Спорт 17.03.2023, 09:11 1,171
Елена Рыбакина Ига Швентекпен кездесе ме?
Сурет: Ашық дереккөз

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жартылай финалына шықты


Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен ойнады.


Қарсыластар осыған дейін 2019 жылы АҚШ ашық чемпионатында кездесіп, онда чехиялық спортшы 6:4, 6:4 есебімен басым түскен еді.


Бұл жолы бірінші партияда К.Мухова брейк жасап, 4:2 есебімен алға кетті. Бірақ ол сетке доп бергенде, Елена таразы басын теңестірді – 5:5. Сосын тай-брейкте сәтті өнер көрсетті – 7:6 (7:4).


Екінші сетті Мухова брейкпен бастады – 2:0. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді – 6:2.


Үшінші, шешуші партияда Е.Рыбакина брейкпен алға кетті – 3:1. Есеп 5:3 болған мезетте Елена екі матчболды пайдалана алмады. Дегенмен өзі доп бергенде, есесін жіберген жоқ – 6:4.


Екі сағат 46 минутқа созылған тартысты матч барысында қазақстандық спортшы 6 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.


Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 83-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен таласады.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс мастерс турнирінің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #Рыбакина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Кеше 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Кеше 17:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика