Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен баста...

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Спорт 29.08.2023, 02:05 1,188
Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады
Сурет: ашық дереккөз

 Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған украиналық Марта Костюкпен шеберлік байқасты.


Бірінші партияда Е.Рыбакина 2:0 есебімен алға шықты. Бұдан кейін М.Костюк есепті қысқартқанымен, қазақстандық спортшы сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.


Екінші сетте Елена қарқынын тіпті үдетті – 6:1.


Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.


Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 122-ракеткасы, мажарстандық Панна Удварди немесе рейтингте 127-сатыдағы аустралиялық Айла Томляновичтің біреуімен таласады.


Өткен жылы қазақстандық теннисші АҚШ біріншілігінде алғашқы айналымнан аса алмай қалған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АҚШ #чемпионат #теннис
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларындағы экоакция: қоқыс жинап, кофе ал

Бүгін 10:24

Алматыдағы «Ten Qogam»: ерекше қажеттілігі бар жандарға кешенді қолдау және жұмысқа орналасуға жол

Бүгін 09:59

Қазақстандық топ-менеджерлер халықаралық сарапшылардан ЖИ бойынша білім алады

Бүгін 09:46

Алматыда ұлттық құндылықты ұлықтаған аналар марапатталды

Бүгін 09:30

Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Бүгін 09:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика