Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қосылды

Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қосылды Сурет: Championat.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қайта кірді.



Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жариялаған рейтингіде Елена Рыбакина 27-ден 25-орынға көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап. 


Торонто турнирінің ширек финалына дейін жеткен Юлия Путинцева 46-дан бірден 38-ге жоғарылады.


Зарина Дияс 244-тен 241-ге, Гөзал Айнитдинова 587-ден 584-орынға шықты.


Жұптық сында Анна Данилина 21-орнында қалса, Жібек Құламбаева 258-сатыда.


Ерлер арасында Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 41-ден 42-ге, Дмитрий Попко 189-дан 219-ға төмендеді. Есесіне Михаил Кукушкин 222-ден 213-ке жайғасып, қайтадан Қазақстанның екінші ракеткасы атанды.


Жұптық сында Андрей Голубев 44-тен 47-ге сырғыса, Александр Недовесов 57-ден 54-ке көтерілді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21