Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Электр самокаттарға сұраныс азайды

Электр самокаттарға сұраныс азайды

Әлеумет 05.06.2023, 04:25 889
Электр самокаттарға сұраныс азайды
Сурет: Almaty.tv

Қазақстандықтардың көбі электрлі самокаттарын сатып жатыр.


Осы саладағы сарапшы мамандар бұны тәртіпті қатаңдатумен байланыстырып отыр. Биыл сәуір мен мамыр аралығында жеңіл көлік құралдарының дүкендердегі саудасы 23 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2 апта бұрын мәжіліс электр самокаттардың қозғалысын реттейтін жаңа тәртіпті қабылады. Енді жаңашылдықты Сенат мақұлдаса, тротуарлар арқылы самокат иелері 6 км/сағат жылдамдықпен ғана жүре алатын болады. Ал көлік ағынымен ілесу үшін арнайы шлем мен жарық шағылыстыратын киім кию міндеттеледі. Тағы жүргізуші куәлігі де болу талап етіледі.


24.kz ақпаратына жүгінсек, желмен жарыса жүйіткейтін самокатшыларды тәртіпке келтіретін жаңашылдық түрткі болды ма белгісіз, әйтеуір сарапшылар онлайн жарнама сервистерінде осы көлік түрінің сатылып көбейгенін аңғарған. Тауар құны да 5%-ға қымбаттапты. Су жаңа электросамокаттың орташа бағасы 140 мың теңге тұрады. Қолдан алсаңыз 30 мыңға арзан шығады. Бірақ, тауарға деген сұраныс төмен дейді сарапшылар.



«Бұның басты себебі – жаңа заң жобасы деп есептеймін. Себебі, көптеген адамдар электр самокаттарға қатысты жаңалықты БАҚ беттерінен оқып алып, жаңашылдық күшіне енді деп ойлауда. Сондықтан олар бұл көлік түрін пайдаланудың тиімділігі жоқ деген пікір қалыптастырған», - дейді сарапшы Әнуар Жүсіпов. 



Ал каршерингтік компанияның негізін қалаушы Мейрамбек Әбілқасов бұған жаңа заң жобасының түк қатысы жоқ деген ойда. Оның айтуынша, халық жалға алу әдетіне көше бастаған.



«Қазір сіз 300-400 долларға бір өзіңіз ғана міну үшін электро самокат аласыз. Оны әрдайым қуаттап отыру қажет. Сақтайтын орын керек. Сынып қалса, жөндеуге қосымша ақша қажет. Ал уақытша жалға алатын болсаңыз бұның барлығына бас қатырмайтын боласыз», - дейді Каршерингтік компанияның негізін қалаушыМейрамбек Әбілқасов.



Қазір электро самокаттар нарығында ірі 4 компания жұмыс істейді. Енді бұл бизнес жаңа тәртіпке бағына ма деген орынды сұрақ туындайды.



«Менің ойымша бұл заң осы көлік түрін пайдалануға тыйым салуға бағытталған. Жаңа тәртіптің салдарынан бизнес біраз зардап шегеді. Ал шерингке келер болсақ, бұл нарық Қазақстанда жабылады деп ойлаймын. Себебі, 1 мыңнан астам адам жұмыссыз қалады. Яғни, осы самокаттарды пайдаланатын курьерлер арзан көліктен қағылады. Сондықтан Сенат бұл заң жобасын мұқият зерттеп, ешкім зардап шекпейтіндей шешім қабылдауы тиіс», - дейді  сарапшы Әнуар Жүсіпов.



Айта кеткен жөн, қазір Парламент қабырғасында жылдамдығы сағатына 50 км-ден асатын электро самокаттардың елге әкелуге тыйым салу мен шектеу жағы қарастырылуда. Демек, бұл нарықта алдағы уақытта түбегейлі өзгерістер болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Электр самокат #Сұраныс #жаңа тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйелін ұрған алматылық кәсіпкер қамалды

Бүгін 09:43

Алматыда телефон арқылы жасалған жалған лаңкестік хабарлама дерегі анықталды

Бүгін 09:35

Жастар санасын қорғау – экстремизм мен терроризмнің алдын алудың басты бағыты

Бүгін 09:23

Ауа райына байланысты 6 облыстың жол қозғалысы шектелді

Бүгін 09:07

Бүгін еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі