Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елдос пен Әбиба Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы...

Елдос пен Әбиба Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына неліктен қатыспайды?

Спорт 15.06.2023, 14:33 1,435
Елдос пен Әбиба Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына неліктен қатыспайды?
Сурет: Tengrinews.kz

Ертең Астанада«Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі  басталады.


БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев Елдос Сметовтің «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турниріне неге қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Өздеріңіз білетіндей, Елдос Сметов Ташкент қаласында күрескен уақытта жарақат алған болатын. Кейін жылдың аяғында Мастерс турнирінде күрескенде қайта жарақат алды. Биылдан бастап федерацияның қолдауымен Елдос Сметов ем алып жатыр. Бұған дейін Парижде, қазір елімізде емделіп жатыр. Ол жеке жоспары бойынша Алматыда дайындалып жатыр. Көпшілік «Елдос неге күреспейді?» деп сұрап жатыр. Ол бұл жарысқа қатыспағанымен, құрамамен бірге. Ол тамыз айында өтетін Мастерс турниріне дайындалып жатыр», - деп тоқталды Асхат Жіткеев.



Федерациясының бас хатшысы Елдос Сметов келер жылы Парижде өтетін олимпиада ойындарына қатысып, чемпион атануы мүмкін деп болжам жасады.


Халықаралық додаға Әбиба Әбужақынова да қатыспаайтын болды, Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясы хабарлады. 


Ресми мәлімдемеге сәйкес Әбиба команданың медицина мамандарының ұсынысы бойынша аталған жарыстан тыс қалып отыр.



«Ташкентте өткен әлем чемпионатында алған жарақатынан (иығы) толық айыққан жоқ. Жарақатымен күрессе, оны асқындырып алу қаупі болғандықтан, Әбибаны әлемдік жарысқа қатыстырмау туралы шешім қабылданды», деп хабарлады ведомстводан.



Ә.Әбужақынова Ташкенттегі әлем чемпионатында жартылай финалда және қола жүлде үшін бәсекеде қарсыластарына жол беріп, бесінші орынмен шектелген болатын. Ал өткен жылы әлем біріншілігінде қазақ қыздары арасынан тұңғыш рет қола жүлдегер атанған еді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#дзюдо #спортшылар #қатыспайтындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика