AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елдегі кейбір жолаушы пойыздары уақытынан кешігуі...

Елдегі кейбір жолаушы пойыздары уақытынан кешігуі мүмкін

Әлеумет 16.05.2023, 10:45 1,247
Елдегі кейбір жолаушы пойыздары уақытынан кешігуі мүмкін
Сурет: Inform.kz

Оған себеп - теміржолдарға жоспарлы жөндеудің жүргізілуі. 


Осыған байланысты жолаушы пойыздарының жылдамдығы баяулап, белгіленген кестесінен кешігуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) компаниясы мәлімет таратты. 


Инфрақұрылымды жаңғырту және ағымдағы күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін ҚТЖ пойыздар қозғалысы жылдамдығына уақытша шектеу енгізіп отыр. Бұл жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалыс кестесіне әсер етеді. Атап айтқанда, Астана – Алматы, Алматы – Петропавл, Шымкент – Астана, Жезқазған – Алматы, Алматы – Орал қатынасындағы пойыздар кешігуі мүмкін.



«Компания туындаған қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды және қазіргі жағдайға түсіністікпен қарауға шақырады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жаппай жөндеу жұмыстарын жүргізу жағдайында жолаушылар пойыздары қозғалысының нормативтік кестесін сақтау бойынша тәулік бойы шаралар қабылдануда», - делінген компания хабарламасында.



Айта кетейік, биыл ҚТЖ 1,1 мың шақырымнан астам жолды қалпына келтіруді жоспарлап отыр. 108 мыңнан астам шпал мен 634 бағыттамалық бұрма жиынтығы ауыстырылатын болады.


Жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.


Ауқымды жұмыстар Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Семей және Алматы өңірлерінде басталып кетті.


Кешенді жөндеу жұмыстары Мойынты – Қарағанды – Астана учаскесінде де жүргізіліп жатыр.



«Мұнда көп тер төгуді қажет ететін жөндеу кезеңі – ластанған балласты терең тазарту, ескі темірбетон шпалдарын ауыстыру, рельсті торлардың тұтастығын қалпына келтіру және тағы басқасы жүзеге асырылуда. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің учаскелерінде жолды күрделі және күшейтілген орташа жөндеу аяқталды».



Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Telegram-боты арқылы алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Теміржол #жөндеу #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика