AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елдегі ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызының...

Елдегі ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызының тозығы жеткен

Әлеумет 27.07.2022, 07:00 1,393
Елдегі ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызының тозығы жеткен
Сурет: ElDala.kz

Бұл - азық-түлік қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеліп соқтыратын фактор.


Сол себепті қазақстандық фермерлер Мемлекет басшысына ашық хат жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақстан фермерлері қауымдастығы Президент пен Премьер-Министрдің атына хат жолдап, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке беру тетігін енгізуді сұрады. 


Фермерлер алдымен егін жинау науқанының тамыз айының бірінші жартысында басталатынын еске салды. Ал ауыл шаруашылығы техникасын жаппай жаңарту мүмкін болмай отыр.


Себебі қолданыстағы лизинг бағдарламаларының қаражаты таусылып қалған. Бүгінде техниканың тозу деңгейі 80 пайызға жеткен.



«Мәселенің маңыздылығын және егін жинау кезеңінің жақындап келе жатқандығына байланысты қысылтаяң мерзімдерді ескере отырып, Сіздің жәрдеміңізді, атап айтқанда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-на бастапқы жарнасыз, сыйақы мөлшерлемесі 3%-ға дейін, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен қаржыландыру көлемі 50 миллиард теңге болатын ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингтеу бағдарламасын іске қосу туралы тиісті тапсырмалар беруді сұраймыз», - дейді фермерлер.



Олардың айтуынша, отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингтеу тетігін жедел іске қосудың нәтижесінде егін жинау науқанына қысқа мерзімде 1000 бірліктен астам трактор мен комбайн паркін жаңартуға мүмкіндік болады.



«Ағымдағы жылғы күзге дейін жұмыс істейтін бағдарламаның болмауы сапалы өнімнің жоғалуы қаупіне және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің жалпы деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады», - деп атап көрсетті мамандар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Фермер #техника #лизинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сапа мен қауіпсіздік: Алматыда білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін 12:41

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 12:30

1 шілдеден бастап Құрылтай туралы заң жобасы күшіне енеді

Бүгін 11:32

Цифрлық теңге: жаңа ақшаны экономикаға қайтіп кіріктірмек

Бүгін 10:36

Қызылорда облысының жаңа әкімі кім болды?

Бүгін 10:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);