ffin.kz

Елде ауқаттылар тұрмысы нашар жандарға қарағанда тамақты көп тұтынады

Елде ауқаттылар тұрмысы нашар жандарға қарағанда тамақты көп тұтынады Сурет: Malim.kz

Ауылдағы ауқаттылар қалалықтарға қарағанда азық-түлікті көп тұтынады.


Аз қамтылған отбасылар бойынша да жағдай солай. Елді мекендерде күн көру жеңілірек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ауқатты қазақстандықтар аз қамтылған топқа жататын азаматтарға қарағанда азық-түлікті үш есе көп тұтынады.


Ұлттық статистика бюросының былтырғы іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша бір адамға шаққандағы тұтынудың жалпы көлемі 10%.


Аз қамтылған азаматтар тобында тоқсанына 129 келі, ауқатты топқа жататын қазақстандықтар 377 келіден астам өнім тұтынған.


Ал еліміз бойынша орташа көрсеткіш - тоқсанына бір адамға шаққанда 221,5 келі.


Айырмашылық тек азық-түлік көлемінде ғана емес, оның құрылымы бойынша да бар.


Ұлттық статистика мамандарының мәліметінше, бай-қуатты қазақстандықтар аз қамтылған топқа жататын азаматтарға қарағанда балық және теңіз өнімдерін 4,3 есе, етті 3,8 есе, жеміс-жидекті 4 есе көп тұтынады.


Ауқатты отбасында бір адамға тоқсанына 37,7 келі ет пен шұжық тұтынылады (айына 12,5 келі немесе күніне 400 г), ал кедейлерде небәрі 9,8 келі (айына 3,2 келі немесе күніне 100 г).


Сондай-ақ, бай-қуатты отбасылар аз қамтылғандармен салыстырғанда сүт өнімдері, көкөністер, тәттілерді 3 есе, ал картоп, жарма және нан 1,7 есе көп тұтынады.


Айта кететін жайт, ауылдағы ауқаттылар қалалықтарға қарағанда тамақты көп тұтынады.


Аз қамтылған отбасылар бойынша да жағдай солай. Елді мекендерде күн көру оңайырақ.


Өткен жылдың төртінші тоқсанындағы азық-түлікті тұтыну көлемін 2021 жылмен салыстырсақ, былтыр аз қамтылған қазақстандықтар айтарлықтай үнемдеген.


Мысалы, өткен жылы сүт өнімдерін тұтыну бойынша жоғарыда халық тобы 16%-ға, ет 8,1%, көкөніс 8,9% және тәтті жеуді 6,7%-ға азайтқан.


Сонымен қатар ауқатты қазақстандықтардың мәзірі құрамы да өзгерген. Атап айтқанда, сүтті тұтынуды 16%-ға, балықты 14,4%, етті 6%, жарма мен нан жеуді 10,9%-ға төмендеткен.


Осы орайда неліктен ауқатты адамдар азық-түлікті үнемдеді деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін статистика мамандарының ең бай халықтың 10% санатына кімді жатқызып отырғанын түсіну керек.


Ұлттық статистика бюросы методологиясына сәйкес, халық саны 19,7 млн болса, әр топта 1,9 млн адамнан келеді.


Ауқатты азаматтар тобына жататындар кірісінің орташа арифметикалық мәні есепке алынады (номиналды жалақы принципі бойынша). Аталған санатқа 142,2 мыңнан 1,6 млн теңгеге дейінгі аралықта табысы бар адамдар кіреді.


Нәтижесінде төртінші тоқсанда ең қамтылғандардың 10% тобындағы халықтың орташа табысы бір адамға шаққанда 201,6 мың теңгені құрады.


Бай-қуатты топқа жататын азаматтардың кіріс теңсіздігі олардың азық-түлік шығындарының үлесін анықтаған кезде де айқын көрінеді.


Осылайша, ауқатты қазақстандықтардың үштен бір бөлігінің тұтыну шығындарының 60% азық-түлікке кетеді.


Аз қамтылғандар санатына жататындар отбасының экономикалық жағдайы бойынша анықталады.


Осы топқа жататындардың жартысына жуығы (43%) тұтынуға жұмсалатын ақшаның 60%-дан астамына азық-түлік алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05