AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Ел тұрғындарына психологиялық қолдау көрсететін бі...

Ел тұрғындарына психологиялық қолдау көрсететін бірыңғай сall-орталық құрылады

Медицина 25.08.2022, 09:56 2,163
Ел тұрғындарына психологиялық қолдау көрсететін бірыңғай сall-орталық құрылады
Сурет: 24.kz

Аталған сall-орталық еліміздің барлық психикалық денсаулық орталықтарын біріктіретін болады.


Медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж қазақстандықтарға консультациялық, психологиялық қолдау көрсету үшін бірыңғай сall-орталық құрылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас психиатр-наркологы Қуаныш Алтынбеков айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



"Өкінішке орай, «Оңалту бөлімшелері қай жерде жұмыс істейді, көмекті қалай алуға болады, бұл бөлімшелерге қалай баруға болады?» деген ақпаратты халық біле бермейді. Аталған сall-орталық еліміздің барлық психикалық денсаулық орталықтарын біріктіретін болады", - деді Қуаныш Алтынбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Сондай-ақ, оның айтуынша, елімізде өңірлік психикалық денсаулық орталықтары бар. Оларда есірткіге тәуелді пациенттерді медициналық-әлеуметтік оңалтудың үш кезеңдік бағдарламасымен емдейтін бөлімшелер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта осы бөлімшелерді кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларда есірткіге тәуелділіктен арылуға, әлеуметтік дағдыларды қалпына келтіруге, сондай-ақ есірткіні қайта пайдалануға төзімділікті қамтамасыз ететін жеке қасиеттерді дамытуға бағытталған медициналық және әлеуметтік іс-шаралар жүргізіледі.


Бүгінгі таңда үш кезеңді оңалту 7 өңірде жұмыс істейді: Ақмола, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе облыстарында және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында. Барлық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетіледі.



«Қазан айында Солтүстік Қазақстан облысының психикалық денсаулық орталығында бөлім ашылады. Осы жылдың соңына дейін басқа өңірлерде осындай бөлімшелердің ашылатындығы жоспарланған», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Call-орталық #психологиялық қолдау #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына үлес қосқаны үшін Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 19:09

NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады

Бүгін 19:05

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:59

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:46

Republic Day және Bereke Fest:  жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік

Бүгін 18:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);