конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ел дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар

Ел дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар

Әлеумет 23.10.2024, 14:48 1,962 Bakyt
Ел дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қаланың 93 тұрғынына мемлекеттік наградаларды тапсырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Марапатқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар ұсынылды. Олардың ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бизнес, көлік салаларының өкілдері, еңбек ардагерлері, сондай-ақ қоғам және саяси қайраткерлер бар.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 1-дәрежелі «Барыс» орденімен «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазина марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы суретші Алексей Уткинге,  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияның  солисі Гүлнар Құрамбаеваға және  тағы басқаларға берілді.

Алматы әкімі «Парасат» орденін Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы директорлар кеңесінің төрайымы Зәуреш Аманжоловаға, «Дос-Мұқасан» ВИА тобының қатысушысы Ұлықпан Сыдықовқа және т. б. табыс етті; «Құрмет» орденімен Халықаралық білім беру корпорациясының профессоры Таңатқан Абақанов, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Сәуле Бекетаева, Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, еңбек ардагерлері Қуаныш Абдухалимов, Лиза Каримова, Жанат Шанина және тағы басқалар марапатталды

Сондай-ақ Мемлекет басшысының атынан Ерболат Досаев:

-3 - дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін – «Алматы тазалықтың» жол жұмысшысы Дина Дарибаеваға, «Алматыэлектротранс» троллейбус паркінің жүргізушісі Гүлбаршын Кукаеваға, Алматы жылу желілерінің слесарі Сергей Падалянге, № 405 авиажөндеу зауытының слесарі Алтымбек Жақсыбаев және т. б;

- «Ерен еңбегі үшін» медалін – Ж. Жабаев атындағы № 161 лицей мұғалімі Ақылкүл Әбдікайымоваға, «Алматы тазалықтың» жол жұмысшысы Мәди Бекмұханбетовке, домбырашы Айбек Бримгазинге, Алматы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшесінің командирі Ғалым Нұрдәулетовке, «City-bus» ЖШС слесарі Аслан Туғанбаевқа және т. б.;

  • «Шапағат» медалін - Түрксіб ауданы көпбалалы отбасылар одағының төрайымы Бибирабе Айымбетоваға , Бостандық ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектологы Айгүл Кенжееваға, «Кедергісіз KZ» мүгедек адамдар қоғамының төрайымы Меруерт Құлахметоваға, қалалық Адам репродукциясы орталығының акушер-гинеколог дәрігері Чапен Сармулдаеваға, «ҚазСтрой Монолит» ЖШС  бас директоры  Керемет Ахановқа және тағы басқаларға   табыс етті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, қаланың қоғамдық кеңесінің, жастар ұйымдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ЖОО ректорлары, мәслихат депутаттары және басқалар қатысты. Салтанатты марапаттау рәсімі қала әкімдігінің ғимаратында өтті.

Естерңізге сала кетсек бұған дейін Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталғанын жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ерболат Досаев #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);