Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Экономист Ғалымжан Керімбек: «Жоспарлау мен шығынд...

Экономист Ғалымжан Керімбек: «Жоспарлау мен шығындарды бақылауға ерекше назар аудару қажет»

Әлеумет 28.01.2025, 16:09 918
Экономист Ғалымжан Керімбек: «Жоспарлау мен шығындарды бақылауға ерекше назар аудару қажет»
aqshamnews.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты Ғалымжан Керімбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмаларына пікір білдірді.

Ұзақ емес, қысқа мерзімді жоспарлау:
Экономистің айтуынша, бүгінгі экономикада қысқа мерзімді жоспарлау әлдеқайда тиімді.

– «Ұзақ мерзімді жоспарлаудан гөрі, тоқсан сайын, жартыжылдық немесе бір жылдық жол карталарын әзірлеп, нақты қадамдарды анықтап жұмыс істеген дұрыс. Бұл жоспарлардың іске асуын бақылауды жеңілдетеді және тиімділікті арттырады», – деді ол.

Орынсыз шығындарды азайту:
Ғалымжан Керімбек Президенттің орынсыз шығындарды қысқарту жөніндегі тапсырмасын ерекше атап өтті.

– «Атқарушы органдар қажеті жоқ шығындарға қаражат жұмсауды тоқтатуы керек. Оның орнына, халыққа нақты пайда әкелетін жобаларды қолға алғаны жөн. Конференциялар мен жиындардың санын азайтып, оларды негізінен онлайн форматта өткізу арқылы бюджет қаражатын үнемдеуге болады», – деп атап өтті экономист.

Екінші деңгейлі банктердің рөлі:
Сарапшы Президенттің екінші деңгейлі банктерге қатысты бастамасын қолдады.

– «Банктер кезінде мемлекеттен үлкен қолдау көрді. Енді олар шаруа қожалықтары мен шағын және орта кәсіпорындарға, әсіресе өнім өндіру мен қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін субъектілерге көмектесуі керек. Бұл қысқа мерзімді төмен пайызбен несие беру сияқты нақты қолдау шаралары арқылы жүзеге асуы мүмкін», – деді Керімбек.

Ғалымжан Керімбектің пікірінше, осы бағыттағы реформалар Қазақстан экономикасының тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға үлкен үлес қосады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғалымжан Керімбек #экономика #Реформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Almaty Half Marathon: 19 сәуірде жолдардың бір бөлігі жабылады

Бүгін 14:54

Алматыда жаңа шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылады

Бүгін 14:14

Almaty Half Marathon жарысына 44 елден 10 мыңнан астам адам қатысады

Бүгін 13:10

Алматы орман өртінің алдын алуға кірісті

Бүгін 12:27

Іле-Алатауы ұлттық паркі де өрт қаупі артатын маусымға даярлықты күшейтті

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика