AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Екібастұзда су аққан пәтер иелерінің шығыны қалай...

Екібастұзда су аққан пәтер иелерінің шығыны қалай өтеледі?

Әлеумет 04.12.2022, 11:00 964
Екібастұзда су аққан пәтер иелерінің шығыны қалай өтеледі?
Сурет: Aikyn.kz

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин баспасөз жиынында су аққан пәтер иелерінің шығыны қалай өтелетінін мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.




"Қыс кезінде суық үйді жылыту өте қиын. Өкінішке орай, кейбір үйлерде батарейлердің жарылуы орын алды. Жарылған батарейлердің барлығын үйге жылу бермей тұрып бірден ауыстырып жатырмыз. Бірақ үйге жылу бергеннен кейін көзге сау болып көрінген кейбір батарейлер ыстық су келген кезде жарылып кетіп жатыр. Ондай жағдай көп емес, бірақ бар", - деді Аян Бейсекин.



Қала әкімінің айтуынша, бұндай мекенжайлар бойынша арнайы апаттық бригадалар құрылған. Олар тез арада барып, қалпына келтіріп жатыр.


Аян Бейсекин пәтерлері бүлінген тұрғындарға міндетті түрде тиісті шаралар қолданылатынын атап өтті.



"Ең бірінші төтенше жағдай режимі аясында қарастырылатын қаражаттар бар. Одан басқа "ЦАЕК" басшылығы, ЖЭО басшылығы бар. Олар пәтерді жөндеуді өздерінің жауапкершілігіне алады. Оны біз жеке қадағалаймыз", - деді Аян Бейсекин.



Бүгінде төтенше жағдайға арналған қаражат есебінен ешқандай төлемдер жасалмаған. Себебі кез-келген шағымды ең бірінші арнайы комиссия қарап, саралауы керек.



"Комиссия тиісті шешім қабылдап, негіздемесін жасағаннан кейін төлемдерді төлейтін болады. Заңнама аясында жалпы бюджеттің 1 пайызы қарастырылуы тиіс. Бізде жылдың басында қала бюджетінен 400 миллион теңгеге жуық қаражат қарастырылған болатын. Бірақ ол қаржы игерілмей қалмас үшін біз басқа бағдарламаларға бағыттағанбыз. Алда тағы бір бюджетті нақтылау бар. Сол кезде орнын толтырамыз. Бұнда ешбір мәселе жоқ", - деді Аян Бейсекин.



Сондай-ақ қала әкімі облыстық бюджетте де төтенше жағдайға арналған қаражат бар екенін, қажет болса оған да сұраныс жіберетіндерін атап өтті. Бірақ әзірге ондай көлемде шығын болады деп күтіліп отырған жоқ.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#екібастұз #жылу #су
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Кеше 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кеше 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Кеше 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Кеше 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Кеше 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика