Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Екі жылда 39 IT-лицей ашылды

Екі жылда 39 IT-лицей ашылды

Білім және ғылым 29.11.2021, 07:16 1,729
Екі жылда 39 IT-лицей ашылды
Сурет: Vest-news.ru

Қазақстанда өткен екі жылда 39 IT-лицей ашылды. Бүгінде бұл білім ордаларында 55 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр.


Аталған білім беру бағдарламаларымен 7-11 сынып оқушылары қамтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


IT-лицейлер жаңа модификациялық үлгідегі кабинеттермен және заманауи IT құралдармен жабдықталған. Балалар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды терең зерттеуге бағытталған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленді.


Мамандандырылған IT лицейлерде оқуға ниет білдірген білім алушылар түсу емтихандарын тапсырады. Оқушылар бағдарламалау дағдылары, 3D дизайн, робототехника және басқа да бағыттар бойынша білім алады. Осындай лицейлердің ашылуы, жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ педагогтердің қолдауының нәтижесінде IT-лицейлердегі білім алушылар цифрлық стартаптар құрып, өз жобаларын әзірлеп жатыр.


Сонымен бірге Қазақстанды әлемдік аренада лайықты деңгейде танытып келеді. Мысалы, Көкшетау қаласындағы IT-лицейдің оқушысы Caspian Start-UP 2021 Халықаралық ғылыми жобалар байқауында жеңіске жетті. Байқауға Каспий маңы елдерінен 90-ға жуық оқушы мен колледж студенттері қатысты. Жас дарын иелері инновациялық технологиялар саласындағы өздерінің авторлық жобаларын таныстырды.



«Елімізде осындай мамандандырылған IT-лицейлердің ашылғанына қуаныштымын. Нәтижесінде біз барлық цифрлық технологияны сапалы түрде зерттейміз. Мәселен, мен стартаптар байқауында өзімнің авторлық жобамды таныстырдым. Маған көмектескен мұғалімдерім мен ғылыми жетекшіме алғысым шексіз. Қол жеткізген жетістіктерім лайықты бағаланып, білім беру грантын алғаныма қуаныштымын», – деді Caspian Start-UP 2021 жеңімпазы Асылхан Қошанов.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Лицей #білім #емтихан #БҒМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика