AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Екі аптада Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік к...

Екі аптада Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік кірді – ІІМ

Әлеумет 04.10.2022, 06:46 1,152
Екі аптада Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік кірді – ІІМ
Сурет: 24.kz

147 мың адам шығып кетті. 


 ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстанды паналап жатқан ресейліктер туралы соңғы статистиканы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«21 қыркүйектен бастап Қазақстанға неше ресейлік келіп, неше ресейлік шығып кетті?», - деп сұрады БАҚ өкілі.



Министрдің айтуынша, кешеден бері Ресейден Қазақстанға қарай ағылған нөпір бәсеңсіп, қалыпты деңгейге түскен.



«Бұл мәселе бақылауда. Ресейдің 200 мыңнан астам азаматы кірді. Бірақ бүгінгі таңда 147 мыңы шығып кетті. Әрине, ішінара мобилизация жарияланған кездерде үлкен кептелістер болды. Кешеден бастап бұрынғы қалпына келіп отыр. Мысалы, кешегі күнді алатын болсақ, Ресейдің 7 мыңнан астам азаматы мемлекетімізге кірді, 11 мыңға жуығы шығып кетті. Сондықтан қазір келгендер шығып жатыр. Миграциялық ахуал бақылауда. Жан-жақты қарап жатырмыз», - деді Марат Ахметжанов.



Сондай-ақ ол екі арадағы шекаралық қатынастар экономикалық одақ аясында реттелетінін еске салды.



«Екі тараптан да шекарадан өтуші азаматтарға шектеу жоқ, болмайды да. Өйткені Еуразиялық экономикалық одақ аясында құқықтық шартымыз бар. Құқықтық мемлекет болғандықтан, бүкіл іс-қимылды осы заң шеңберінде жасаймыз», - деді ІІМ басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ресей #азамат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);