конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Дүниежүзі 2040 жылы шоколадсыз қалуы мүмкін

Дүниежүзі 2040 жылы шоколадсыз қалуы мүмкін

Әлем 27.02.2024, 11:18 1,161
Дүниежүзі 2040 жылы шоколадсыз қалуы мүмкін
Сурет: Roscontrol.com

Биыл жаһандық инфляция төмендеуі мүмкін. Былтыр көрсеткіш 6,8 процент. Ал биыл меже 5,8 процентке дейін кемуі тиіс.


Бірақ мамандар ахуалдың оңалуына кері әсер ететін қауіп-қатердің барын жасырмайды. Бұл әлемдегі геосаяси ахуалмен байланысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өйткені мұның бәрі тауар тасымалын қиындатады. Осының кесірінен логистикалық шығындар артып, баға өсетіні анық. Иә, инфляцияның салдарынан қазір көп елде азық-түлік бағасы шарықтап тұр. Әлемдік сарапшылар биыл әсіресе шай мен шоколад бағасы күрт қымбаттайды, дейді.


«Дүниежүзі 2040 жылы шоколадсыз қалуы мүмкін», - дейді әлемдік сарапшылар.

Оған басты себеп климаттың өзгеруі. Шоколад пен климаттың қандай байланысы бар? Какао өндірісіне не әсер етеді? Жаһандық жылынудың әсерінен 2030 жылға қарай какао ағашын өсіру тиімсіз болады.


Қазірдің өзінде кей африкалық және индонезиялық фермерлер какао бұршақтарын өсіруден бас тартып жатыр.


Халықаралық какао ұйымының мәліметінше, кейінгі 40 жылда шоколад ағаштарын өсіруге жарамды аумақтардың ауданы 40%-ке азайды. Тағы 40 жылдан кейін Гана мен Кот-д’Ивуардағы орташа температура 2 градусқа көтеріліп, шоколад индустриясы тоқтауы мүмкін. Өйткені, бұл екі ел әлемдік какао экспортының 70%-ін қамтиды. Ал болжам жыл сайын какаоға сұранысты арттырып жатыр.


Әлемдік биржалардағы какао бұршақтарының құны ақпан басында 6000 долларға жетті. Яғни жыл басынан бері бір жарым есе өскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 130 процентке көп.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шоколад #жаһандық инфляция #какао
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);