AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / «Дүкеннен сатып алатын көңіл-күй»: шопоголизмнің ж...

«Дүкеннен сатып алатын көңіл-күй»: шопоголизмнің жасырын қаупі

Мұны білген жөн Бүгін 10:23 97
«Дүкеннен сатып алатын көңіл-күй»: шопоголизмнің жасырын қаупі
интернет

Сауда орталығына кіргенде көңіл-күйіңіз бірден көтеріліп, аса қажет болмаса да зат сатып алғыңыз келе ме? Ал үйге келген соң сатып алған дүниенің көпшілігі керек емес екенін түсініп, өкініш сезімі пайда бола ма? Психологтар мұндай жағдайды жай әуестік емес, шопоголизм немесе ониомания деп атайды. Бұл – адамның нақты қажеттілік болмаса да, сатып алуға деген бақылаусыз құмарлығы. Америка мен Еуропада мұндай тәуелділікке шалдыққан адамдардың саны ондаған миллионға жетеді. Танымал тұлғалардың қатарында Сара Джессика Паркер, Виктория Бекхэм және Мэрайя Кэри бар.

Зат сатып алу адамға қуаныш сыйлай ма?

Шопоголизм кезінде ми дофамин мен серотонин бөледі. Бұл гормондар қысқа уақытқа қуаныш сезімін тудырады. Сондықтан дүкенге кей адамдар күйзелісін басу үшін, жалғыздық сезімін жеңуге немесе өзіне деген сенімділігін арттыруға барады. Алайда мұның әсері ұзаққа созылмайды, көңіл-күй қайта төмендейді, жалғыздық қайта сезіле бастайды.

Шопоголизмнің психологиялық себептері

Көп жағдайда шопинг адамның ішкі күйімен байланысты, жалғыздық пен әлеуметтік оқшаулануды сезінген және өзін-өзі төмен бағалап, айналамен қарым-қатынасын үзген, жұмыстан стресс алып, өміріне қанағаттанбаған адам осының бәрінің кетігін зат сатып алу қуанышымен жапқысы келеді. Кей адамдар үшін жаңа зат сатып алу – өзін бағалы сезінудің бір жолы.

«Адамдар зат сатып алу арқылы ішіндегі бос кеңістікті толтырғысы келеді. Бірақ материалдық зат эмоциялық қажеттілікті ұзаққа қанағаттандыра алмайды», дейді психолог мамандар.

Қоғамдық және маркетинг факторлары

Қазіргі қоғамда көз арбайтын жылтырақ пен көңіл алдайтын қызық көп. Әлеуметтік желіге көгенделген жұртқа жаппай жеңілдіктер мен «шектеулі ұсыныс» акциялары, әлеуметтік желідегі сән трендтері, онлайн-дүкендердің қолжетімділігі сияқты факторлар да импульсивті сатып алуға ықпал етеді.

Тәрбие мен психологиялық үлгі

Шопоголизмді тереңірек зерттеген мамандар, бұл «дертке» шалдығатындарды 2 үлкен топқа бөліп саралайды екен.

«Отбасының еркесі» – көзін ашқаннан ата-анасы барлық қалауын орындаған бала ересек өмірде де өзіне назар аудартуға бейім болады, осының кесірінен шопоголизмге ұшырайды.

«Күлбике» синдромы – қатаң тәртіпте тәрбиеленген немесе қалағанына қолы жете қоймаған бала есейген кезде материалдық заттар арқылы эмоционалдық жетіспеушіліктің орнын толтыруға тырысады, мұның ақыры да қажетсіз дүниеге құмарлыққа әкеліп соғады.

Шопоголизмнің алғашқы белгілері:

Нақты қажеттілігі болмаса да дүкенге бару.

Шопинг кезінде көңіл-күйдің күрт жақсаруы.

Зат сатып алуға мүмкіндік болмаған кездегі апатия.

Импульсивті сатып алулардың жиілеуі.

Үйде қолданылмаған жаңа заттардың көп жиналуы.

Шопоголизмнің қауіпті салдары

Ақшалай қарыздар мен несие проблемалары – көзін арбаған қызылды-жасылды дүниеге қол жеткізу үшін шопоголик қалтасында жоқ ақшаға да зат сатып ала береді, яғни қарызға алып, бөліп төлеп, несиеге тәуелді болуы да мүмкін.

Отбасылық жанжалдар – шопоголиктің бір сәттік көңіл-күй үшін өзінде бар затты немесе қатты қажет емес дүниені сатып ала беруін айналасы түсіне алмайды, соның кесірінен ұрыс болады.

Күйзеліс, депрессия, психосоматикалық аурулар – үйде шаң басып тұратын тағы бір затты ала алмағаны үшін ренішті шопоголикті бұдан бұрынғы алған заттың қарызы қысып, жан-жағынан түсіністік таппай, ақыры күйзеліске түседі.

Шопоголизмнен қалай құтылуға болады?

Мәселені мойындау – бірінші қадам.

Сатып алудан бұрын қажеттілікті бағамдау: «қалаймын» емес, «қажет» қағидаты басты орында болуы тиіс.

Жарнаманы аз қарау керек.

Сатып алу тізімін жасау және шығындарды бақылау маңызды.

Психолог көмегіне жүгіну, (тәуелділік күшейген жағдайда).

Қорытынды

Шопинг кейде көңіл көтерудің қалыпты жолы болуы мүмкін. Бірақ ол өмірдегі негізгі қуаныш көзіне айналған кезде, тәуелділік қаупі туындайды. Нағыз қанағат сезімінің төркіні дүкен сөрелерінде емес, эмоциялық тепе-теңдік пен мағыналы қарым-қатынаста.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#психолог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады?

Бүгін 12:14

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32

Наурыз рухы сахнадан асып, алаңға жетті

Бүгін 11:31

Алматыда қазандық пен жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуды жалғастырып жатыр

Бүгін 11:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика