Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты осындай шешім қабылдады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Наурыз айының соңына дейін Дубайға ұшатын рейстер тоқтатылды. Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалды мұқият қадағалап отыр.
"11-31 наурыз аралығында Алматыдан және Астанадан Дубайға бағытталған тұрақты рейстер ұшпайды. Тоқтаған сапардың ақысы жолаушыларға айыппұлсыз толық қайтарылады немесе 1 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы кезеңге тегін қайта брондау ұсынылады", – делінген ресми хабарламада.