AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Докторантураға түсу ережесі өзгерді

Докторантураға түсу ережесі өзгерді

Білім және ғылым 21.12.2025, 16:17 528 Сұлу
Докторантураға түсу ережесі өзгерді
Сурет: freepik

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі докторантураға түсудің Үлгілік ережелеріне өзгерістер енгізді. Жаңа ережелер шығармашылық және тілдік бағыттар бойынша түсушілер үшін талаптарды айтарлықтай жеңілдетті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Ағылшын тілі сертификаты міндетті емес мамандықтар

Бұған дейін мамандығына қарамастан, барлық үміткерден ағылшын тілін білу туралы сертификат (мысалы, IELTS) талап етілетін. Депутаттың айтуынша, қазіргідей GPT және Gemini сияқты нейрожелілер дамыған заманда бұл кедергіні алып тастау – қисынды қадам.

Министрдің №490 бұйрығына сәйкес, енді мына білім беру бағдарламалары бойынша шет тілін білу сертификаты талап етілмейді:

  • D005 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау;
  • D006 – Музыка мұғалімдерін даярлау;
  • D017 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау;
  • D018 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.

«Қазақ филологиясы немесе музыка саласындағы талантты зерттеушілер тек сертификаты болмағандықтан докторантураға түсе алмай келді. Біз дифференциалды тәсілді қолдануды ұсындық», — деп жазды Аймағамбетов.

Эссе орнына Research Proposal келеді

Тағы бір маңызды жаңалық – түсу кезіндегі эссе жазу талабы жойылуы мүмкін. Оның орнына үміткердің нақты ғылыми әлеуетін бағалау үшін Research Proposal (зерттеу жоспары) енгізілмек.

Бұл норма 2026-2027 оқу жылынан бастап енгізіледі деп жоспарлануда. Зерттеу жоспарын бағалауға тәуелсіз сарапшылар тартылады.

Алдағы уақытта не өзгеруі мүмкін?

Депутат сонымен қатар бірқатар жүйелі ұсыныстың әлі қаралып жатқанын айтты. Олардың ішінде:

  • Шығармашылық бағыттар тізімін кеңейту;
  • Тілдік емтихан тапсыру мерзімін оқудың соңына ауыстыру;
  • Академиялық адалдықты күшейту және Scopus базасындағы жарияланымдарға қойылатын талаптарды арттыру.

Қазірше министрлік тілдік және шығармашылық бағыттағы педагогтар үшін негізгі «кедергіні» алып тастады, бірақ докторантура бағдарламаларын жетілдіру жұмыстары әлі де жалғаса бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#докторантура #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48

Мемлекет басшысы: «Халқымызда «Батыр елі үшін туады» деген сөз бар, елге қорған болу – ең абыройлы қызмет»

Бүгін 16:12

Президент: «Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел»

Бүгін 16:10

Президент: «Ерлік ешқашан ескірмейді»

Бүгін 16:09

Тоқаев еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру шаралары қабылданып жатқанына назар аударды

Бүгін 16:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);