Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дженнифер Лопес Алматы сахнасында: аншлаг, шат көң...

Дженнифер Лопес Алматы сахнасында: аншлаг, шат көңілді көрермен және мінсіз ұйымдастырылған концерт

Барлығы 10.08.2025, 23:04 652
Дженнифер Лопес Алматы сахнасында: аншлаг, шат көңілді көрермен және мінсіз ұйымдастырылған концерт
сурет: Самат Құсайынов

Бүгін Алматының Орталық стадионында жылдың ең ауқымды музыкалық оқиғалардың бірі Дженнифер Лопестің Up All Night атты әлемдік туры аясындағы жеке концерті өтіп жатыр. Әнші бұл сапармен алғаш рет Қазақстанға ат басын тіреп, әуелі Астанада өнер көрсетті, ал енді тыңдармандардың сұранысымен Алматы төріне келіп, қаланы жаһандық музыка әлемінің жарқыраған орталығына айналдырды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Сахнаға әлемдік жұлдызды көруге 20 мыңнан астам көрермен жиналды. Олардың арасында 35-тен астам елден келген меймандар мен 8 мыңнан аса шетелдік турист бар. Кештің сәні кіріп, сахнадан күмбірлеген хит әуендер төгілді; көрермендер билеп, бірге шырқап, есте қалар сәтті телефонға түсіріп әлек.

Таңнан бері стадион аумағы мерекелік көңіл-күйге бөленді. Алматы тұрғындары мен қонақтарын арлы-берлі өткен көше әртістері мен көңілді маскоттар қарсы алып, мерекенің алғашқы шуағын шашты. Қала қызметкерлері мен еріктілер тәртіп пен тазалықты қатаң қадағалап, қоқыс жиналуына жол бермеді. Сол себепті бұл кеште тек сахна шамдары ғана емес, шаһардың өзі де жарқырап тұрды.

Көрермендерді концертке кіргізу сағат 15:00-де басталды. Аренаға үш кіреберіс арқылы — Абай даңғылы, Сәтбаев және Байтұрсынов көшелері жағынан кіруге мүмкіндік берілді. Әсіресе, Сәтбаев көшесі жағында адам нөпірі көбейген сәтте кішігірім топтасу байқалды.

Ұйымдастырушылар, жеке күзет, еріктілер мен полиция қызметкерлері көрермен ағынын реттеп, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Барлық қонақ өз орнына дер кезінде жайғасып, концерт уақытылы басталды.

Барлық қызметтң үйлесімді жұмысы, әрбір ұсақ-түйекке мән беруі және ұйымдастырушылар мен қалалық қызметтердің бірлескен еңбегі концерттің мінсіз өтуін қамтамасыз етті. Бұл кеш көрермендерге музыкалық әсер ғана емес, Алматыда өткен мәдени іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны туралы жылы естелік қалдырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#джейло
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Кеше 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Кеше 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Кеше 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Кеше 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика