Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Дипломмен ауылға» бағдарламасына шағын қалалар да...

«Дипломмен ауылға» бағдарламасына шағын қалалар да қосылу керек

Білім және ғылым 13.04.2022, 14:39 1,936
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына шағын қалалар да қосылу керек
Сурет: Abai.kz

Бағдарламаның қабылданғанына 13 жыл өтсе де, ауылдық жерлерде кадр тапшылығы әлі де өзектілігін жойған жоқ.


Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген «Дипломмен ауылға» бағдарламасына моно және шағын қалаларды да енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Жақында өңірлерде сайлаушылар мен түрлі санаттағы әлеуметтік топтармен, жас мамандармен болған кездесулерде Үкіметке айтылған ұсыныстар аз болған жоқ. Әсіресе, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тиімділігін арттыру жайында өзекті мәселе қозғалды. Елімізде 2009 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының мақсаты – дипломды мамандарды ауылдық жерде тұрақтандыру», - деді депутат. 



2009-2020 жылдары осы жобаны жүзеге асыруға 77 мыңнан астам маман 11,5 млрд теңге сомасында көтерме жәрдемақы алса, 36 мыңнан астам маман тұрғын үй сатып алу үшін 105,3 млрд теңге бюджеттік кредит алған. Өткен 2021 жылы 18,2 млрд теңге игерілген. Ал биыл тағы да 4,3 мың маман тұрғын үй алуы үшін бюджеттік кредит беруге 20 млрд теңге жоспарланған.



«Дейтұрғанымен бағдарламаның қабылданғанына 13 жыл өтсе де, ауылдық жерлерде кадр тапшылығы әлі де өзектілігін жойған жоқ. Ең өзекті мәселе - аудан орталығы болып отырған моно және шағын қалалар да бұл жобаның игілігін көре алмай отыр. Ауылға маман тарту мәселесін шешеміз деп, аудандағы қалалар шетте қалуда. Айталық, Жамбыл облысындағы Талас ауданының орталығы Қаратау қаласындағы орталық ауруханасында 10-нан астам маман-дәрігер жетіспейді. Сондай-ақ мектептер мен балабақшаларға 20 мұғалім мен тәрбиешіге сұраныс бар. Жаңатас пен Шу қалаларында да дәл осындай жағдай орнаған. Бұл проблема жылдан-жылға шешілмей келе жатыр», - деді М. Төлепберген.



Оның айтуынша, еліміздегі 42 шағын қаланың 32-сі ауылдық аудандардың әкімшілік орталығы болып белгіленген.



«Сондықтан мемлекеттік қамқорлық тұрғысындағы қыруар қаржының тиімділігін арттыру үшін аудандардағы моно және шағын қалаларды да жобаға енгізу қажет. Екіншіден, бұл жобаның тиімділігі бойынша ведомствоаралық жұмыстың жүйесін қайта қарап, жетілдіру қажет. Көтерілген мәселелердің қарау нәтижелері туралы жауапты тиісті заң талабына сәйкес белгіленген мерзімде беруіңізді сұраймыз», - деді Мәжіліс депутаты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#диплом #ауыл #Кадр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазгидромет 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Бүгін 09:11

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Кеше 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Кеше 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Кеше 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Кеше 14:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика