AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Дипломаттардың басты міндеті - мемлекетіміздің әле...

Дипломаттардың басты міндеті - мемлекетіміздің әлемдегі мәртебесін арттыру

Саясат 01.07.2022, 07:02 2,222
Дипломаттардың басты міндеті - мемлекетіміздің әлемдегі мәртебесін  арттыру
Inform.kz

Президент дипкорпус өкілдерін еліміздің дипломатиялық қызметінің 30 жылдығымен құттықтады


Еліміздің дипломатиялық қызметінің отыз жылдық мерейтойы халқымыз Жаңа Қазақстан құруға кіріскен сындарлы сәтпен тұспа-тұс келді.


Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі Қазақстан Республикасы» атты халықаралық конференция қатысушыларына жолдаған құттықтау хатында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«Құрметті Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагерлері мен қызметкерлері! Сіздерді еліміздің дипломатиялық қызметінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Біз осынау тарихи межеге үлкен жетістіктермен жеттік», - делінген ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді оқып берген Мемлекет басшысының хатында.



ҚР Президентінің атап өтуінше, еліміз 186 елмен қарым-қатынас орнатып, 50 халықаралық ұйымның мүшесі болды.



«Біз өңірлік және жаһандық процестерге белсенді қатысатын орнықты әрі беделді мемлекетке айналдық. Сіздер тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен еліміздің мүддесін халықаралық аренада қорғап келесіздер. Қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында сіздер жаһандық әлемде Қазақстанның ұстанымын нығайтуға және шет мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытуға үлкен үлес қосасыздар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы еліміздің дипломатиялық қызметінің отыз жылдық мерейтойы халқымыз Жаңа Қазақстан құруға кіріскен сындарлы сәтпен тұспа-тұс келгенін баса атап өтеді.



«Осыған орай Сыртқы істер министрлігіне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Дипломаттардың басты міндеті - мемлекетіміздің әлемдегі мәртебесін одан ары арттыру, сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шетелдегі азаматтарымыздың құқықтары мен мүүдделерін қорғау», - деді ҚР Президенті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #дипломатия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);