AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Динара Зәкиева Ирандағы мектепке жасалған шабуылға...

Динара Зәкиева Ирандағы мектепке жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады

Білім және ғылым 01.03.2026, 15:31 523
Динара Зәкиева Ирандағы мектепке жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады
Instagram/zakiyevadinara

Иранның Минаб қаласындағы қыздар мектебіне жасалған әуе соққысынан ондаған баланың қаза табуына байланысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ресми үндеу жариялады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Динара Зәкиева білім беру мекемелеріне шабуыл жасау халықаралық құқықты өрескел бұзу екенін атап өтті. Оның айтуынша, балалар кез келген қақтығыста ең әлсіз әрі қорғансыз топ және ересектердің саяси шешімдері үшін жауап бермеуге тиіс.

Иранның Минаб қаласындағы мектепке жасалған соққы салдарынан ондаған оқушы көз жұмып, көптеген бала ауыр жарақат алғаны хабарланған. Бұл жағдай әлемдік қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырды.

«Мектеп – бейбітшілік мекені. Білім беру орындарына шабуыл жасау халықаралық құқық нормаларына қайшы. Балалар соғысты таңдамайды және ересектердің әрекеті үшін жауап бермеуі керек», – деді уәкіл.

Ол Қазақстанның кез келген дауды бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы шешуді қолдайтынын жеткізіп, халықаралық қауымдастықты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Уәкілдің ұстанымы бойынша, балалардың бейбіт өмір сүру құқығы қорғалуға тиіс, білім ордалары халықаралық деңгейде қауіпсіз нысан ретінде танылуы қажет және қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен реттеу маңызды.

Динара Зәкиева қайғылы оқиға салдарынан балаларынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);