AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Рухани қазына: Динара Бердімұраттың нақыл сөздер ж...

Рухани қазына: Динара Бердімұраттың нақыл сөздер жинағы жарық көрді

Әлеумет 09.06.2026, 15:37 27 Қуаныш
Рухани қазына: Динара Бердімұраттың нақыл сөздер жинағы жарық көрді

Оқырман қауым үшін тағы бір тағылымды туындының тұсауы кесілді. Автор Динара Бердімұраттың еңбек пен адалдық тақырыбын арқау еткен нақыл сөздер жинағы жарық көріп, көпшілік назарына ұсынылды.

Жаңа жинаққа автордың өмір, қоғам, адамгершілік құндылықтары туралы терең пайымдары мен қанатты сөздері топтастырылған. Кітаптың басты ерекшелігі – бүгінгі қоғам үшін маңызды болып саналатын еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік және ізгілік секілді құндылықтарды қарапайым әрі әсерлі тілмен жеткізуінде.

Жинақтағы әрбір нақыл сөз оқырманды ойлануға, өз өміріне сын көзбен қарауға жетелейді. Автордың «Бақытты өмір сүру үшін – адал қызмет жасау маңызды» деген тұжырымы адам өміріндегі адалдықтың маңызын айқын көрсетеді. Ал «Нәтиже еңбек жасалғанда ғана болады» деген нақыл сөз кез келген жетістіктің артында табанды еңбек жатқанын еске салады.

Динара Бердімұрат – бірнеше кітаптың авторы, Қоғам қайраткері, Балаларды қорғау қорының директоры. Қ.Р Президентінің “Бірлік” Алтын медалінің иегері, Ұлт Жанашыры, бірнеше Мемлекеттік Энциклопедиялардың авторы. Балаларға арналған оқулықтардың ұйымдастырушысы, қоғамдық бастамалардың ұйытқысы болып жүрген белсенді тұлға. Ол түрлі әлеуметтік жобаларға қатысып, қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп келеді.

Кітаптың мазмұны тек нақыл сөздермен шектелмей, оқырманды ізгілікке, адал еңбекке және қоғамдық жауапкершілікке үндейтін рухани бағдар іспетті. Қысқа әрі нұсқа берілген ойлар өмірлік тәжірибеден туындағандықтан, олардың тәрбиелік мәні де ерекше.

Бүгінде қоғамда рухани құндылықтарды дәріптейтін еңбектерге сұраныс артып келеді. Осы тұрғыдан алғанда Динара Бердімұраттың жаңа жинағы оқырманның рухани дүниесін байытып, жас ұрпаққа өнеге болатын құнды басылымдардың қатарын толықтырды.

Нақыл сөз – ғасырлар сүзгісінен өткен даналықтың көрінісі. Ал жаңа жинақтағы ой-тұжырымдар еңбек пен адалдықты өмірлік ұстаным еткен жандарға бағыт-бағдар беретін маңызды туынды ретінде бағалануда. Сондықтан бұл кітап тек оқып шығатын еңбек қана емес, қайта-қайта парақтап, ой түюге мүмкіндік беретін рухани қазына деуге толық негіз бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда автокөліктерді эвакуациялау және айыппұл тұрағында сақтау тәртібін өзгерту жоспарлануда

Бүгін 17:39

Алматыда жол қозғалысы мен автотұрақтарды ұйымдастырудың жаңа қағидалары қарастырылуда

Бүгін 17:37

Жарқын сәтке толы жаз

Бүгін 16:54

Қазақстан мен Түркия жастары «Қайрат» ФК академиясының тәжірибесімен танысты

Бүгін 16:48

Футболдан Әлем чемпионаты басталады

Бүгін 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);