AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дін атын жамылған экстремизм – қоғамға төнген қауі...

Дін атын жамылған экстремизм – қоғамға төнген қауіп

Барлығы 10.08.2025, 11:34 530 Сұлу
Дін атын жамылған экстремизм – қоғамға төнген қауіп
Алматы қаласы әкімдігі

Аqshamnews.kz тілшісі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дінтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторант, қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшысы Елнар Берікбаевпен экстремизм туралы сұхбаттасты. 

– Елнар Ғалымжанұлы, дін атын жамылған экстремизмнің мәні неде?

Діни экстремизм – белгілі бір елге немесе дінге ғана тән құбылыс емес. Бұл – бүкіл әлемдік қауымдастыққа және кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, аумақтық тұтастығына, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына төнетін зор қауіп.

Дін идеологиясын бүркенген экстремизм ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарды өршітіп, қоғамдағы тыныштықты бұзады. Оның түпкі мақсаты – өз идеологиясын саясат пен күнделікті өмірге сіңіріп, діни қағидаларға негізделген бөлек мемлекет құру. Мұндай ағымдардың негізінде – дінді «тазарту» ұранын алға тартатын радикалды фундаментализм жатыр.

– Адамдар қалай экстремистік немесе террористік жолға түседі?

Радикалды топтарға адамдар өздігінен бара бермейді. Оларды арнайы дайындықтан өткен вербовшылар алдап-арбайды, сезімдеріне әсер етеді. «Жеңіл ақша», «әділетті қоғам» секілді уәделер айтылады, ал оның ауыр салдары туралы әдейі үнсіз қалады.

Радикалдану жолына әлеуметтік, отбасылық, жеке факторлар әсер етеді. Әсіресе, дінге қатысты сауатсыздық – ең басты қауіп. Қоғамдағы әділетсіздік, сыбайлас жемқорлық, сот шешімдеріне наразылық – мұның бәрін экстремистер өз мақсатына пайдаланады.

– Жақын адамыңыздың ықпалды діни идеологияға еріп кеткенін қалай аңғаруға болады?

Назар аударатын белгілер:

  • Отбасылық өмірге қызығушылығы азайып, тұйықталу;

  • Діни кітаптар мен уағыздарға, күмәнді сайттарға шамадан тыс көңіл бөлу;

  • Теологиялық тақырыпта өзгелермен дөрекі, агрессивті пікірталас жүргізу;

  • Күтпеген жерден шығындардың көбеюі;

  • Үйде күмәнді парақшалар, кітапшалар, брошюралардың пайда болуы.

Отбасы – адамның мінезі мен дүниетанымы қалыптасатын орта. Бала сұрақ қойса, ата-ана жауап беруден қашпауы керек. Егер бала мән-мағына іздеп, жауапты сырттан тапса, оны теріс бағыттағы адамдар иеленуі мүмкін.

– Экстремистер қоғамды дестабилизациялау үшін қандай заңдық тұстарды пайдаланады?

Мысалы, бірнеше жыл бұрын мектепте діни киім киюге тыйым салу қоғамда қызу талқыланды. Кейбірі мұны мұсылмандарды шектеу деп түсініп, ал вербовшылар осыны пайдаланып, ел ішінде арандату таратты.

Ал іс жүзінде бұл – барлық дін өкілдеріне ортақ талап. Қазақстан – зайырлы мемлекет, білім беру жүйесі діннен бөлек жұмыс істейді. Мектеп формасының бірыңғай болуы тәртіпке, теңдікке және балалардың оқуына назар аударуға көмектеседі.

– Конституциядағы «Қазақстан – зайырлы мемлекет» қағидасы нені білдіреді?

Зайырлылық – атеизм емес. Бұл – әр азаматтың діни сенім бостандығын қамтамасыз ету, бірақ мемлекеттің діни ұйымдардан бөлек болуы. Діни бірлестіктер заң алдында тең, ал ешбір дін өкілі заңды бұзғаны үшін жазадан босатылмайды.

– Экстремистік және деструктивті ағымдардан қалай сақтануға болады?

Негізгі кеңестер:

  1. Сын тұрғысынан ойлау – кез келген ақпаратты тексеру, ресми тіркелген діни ұйымдардан сұрау.

  2. Ұйымның ережесін зерттеу – деструктивті топтар жеке баю мен ықпалға ұмтылады.

  3. Әлеуметтік байланысты үзбеу – отбасынан, достардан алшақтататын топтардан сақ болу.

  4. Санаға бақылау жасау әдістерінен аулақ болу – гипноз, топтық транс, оқшаулау.

  5. Сұрақ қоюдан қорықпау – ашық ұйымдар ережелерін түсіндіреді, жасырынбайды.

  6. Бұрынғы мүшелердің пікірін тыңдау – заңды ұйым сынға төтеп береді.

  7. Жақындармен кеңесу – сырт көз объективті бағасын береді.

  8. Ішкі сезімге құлақ асу – бір нәрсе дұрыс еместей сезілсе, уақыт оздырмай байланыстан шығу.

Ең бастысы – діни сенім бостандығы адамдарды алдау мен зорлыққа шақыруға себеп болмауы тиіс. Заңды өрескел бұзған кез келген ұйымның қызметі сот арқылы тоқтатылады, ал зардап шеккендерге реабилитациялық көмек көрсетілуі керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экстремизм #діни радикализм #сұхбат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);