AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Димаш «Славян базарының» салтанатты ашылуына қатыс...

Димаш «Славян базарының» салтанатты ашылуына қатысты

Тұлға 16.07.2021, 14:09 2,414
Димаш «Славян базарының» салтанатты ашылуына қатысты
Сурет: Newtimes.kz

Димаш өнерімен тәнті етті.


«Витебскідегі Славян базары» XXX халықаралық өнер фестивалінің ашылуы 15 шілдеде қаланың басты алаңы – жазғы амфитеатрда өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл мәдени шарада Димаш Құдайберген «Любовь похожая на сон» және «Be With Me» әндерін жанды дауыста орындап, көрермендерді қуантты, деп жазды dimashnews.com.


Фестивальдің ашылу салтанатында Беларусь Президенті Александр Лукашенко сөз сөйледі.



«Бүгінгі Витебскідегі фестиваль – бұл кәсіби вокалдық шеберліктің беделді халықаралық байқауы. Бұл сахна Таисия Повалий, Руслана, Петр Елфимов, Алена Ланская, Димаш Құдайберген және басқа да көптеген танымал әртістердің жарқын мансабына бастау болды», – деп атап өтті.



Әлемнің түрлі елдерінің танымал әртістері мен ұжымдары ауқымды халықаралық іс-шараға қатысты. Қонақжай амфитеатр залы 7 мың қонақ қабылдады. Концерт кезінде көрермендер әртістердің ұсынған түрлі стильдері мен жанрлардың керемет үйлесімін таңданыспен қабылдады: классикалық, халықтық, эстрадалық музыка Витебск сахнасында шырқалып, шығармашылықтың шекарасы мен қашықтығы жоқ екенін көрсетті. Хореографиялық, цирк, спорт ұжымдарының өнер көрсетуі мерекенің серпінді атмосферасын жандандырды.


«Витебскідегі Славян базары» XXX халықаралық өнер фестивалінің салтанатты ашылу рәсіміне «Славян базары 2015» жеңімпазы, осы шараға шақырылған қонақ және эстрадалық әндер байқауындағы қазылар алқасының мүшесі Димаш Құдайберген қатысты. Оның орындауында концерттің финалында екі композиция шырқалды – біреуі орыс тілінде, екіншісі қазақ және ағылшын тілдерінде. Композитор Игорь Крутой мен ақын Валерия Горбачеваның жауһары – «Любовь похожая на сон» лирикалық әні көрермендерді жағымды ностальгияға бой алдырды.


Фестивальге әртүрлі қалалар мен елдерден келген Dears алғашқы нөмірден кейін сахнаға әртіс үшін гүл шоқтарын әкелді. «Қымбаттыларым, сүйікті тыңдармандарым! Бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Дәл осы жерде осыдан тура 6 жыл бұрын мен ересек шығармашылық өмірге жолдама алдым», – деп Димаш көрермендермен амандасты. Әртіс көрерменге өзінің ата-анасын таныстырып, жанкүйерлерімен бірге анасы Светлана Айтбаеваны туған күнімен құттықтады. «Сенсация» шоу-балетінің сүйемелдеуімен әртіс орындаған екінші композиция әнші және композитор Димашты мүлдем басқа қырынан көрсетті.


Be With Me көрермендер залы мен шоуды тікелей эфирде көріп отырған онлайн-аудиторияны қуаттандыру болды. Димаш концерттің соңында көрермендер залына түсіп, тыңдармандарымен бірге ән шырқады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өнер #мәдениет #Димаш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00

Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);