AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Димаш Қытайдың телеарнасымен бірлесіп музыкалық жо...

Димаш Қытайдың телеарнасымен бірлесіп музыкалық жоба түсіреді

Мәдениет 04.09.2025, 16:01 526 yakiya
Димаш Қытайдың телеарнасымен бірлесіп музыкалық жоба түсіреді
qaztourism

Қазақстанда «Voice Beyond Horizon» деп аталатын ауқымды тележобаның түсірілімі басталады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Музыкалық шоуды Димаш Құдайберген және әлемдегі ірі медиахолдингтердің біріне айналған Қытайдың Hunan TV телеарнасы бірлесе жүзеге асырады.

Жоба әртүрлі елдерден келген орындаушыларды біріктіреді. Оның ішінде Қытай, Қырғызстан, Италия, Түркия және Сербия өкілдері бар. Олар Димашпен бірге Қазақстанның көркем өңірлеріне шығармашылық сапарға аттанады. 

Түсірілім Астана мен Алматы қалаларында, Алматы, Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облыстарында өтеді. Реалити-шоудың ақтық кезеңі елордада ұйымдастырылады.

Қатысушылар пойызбен жолға шығып, елдің табиғи және тарихи нысандарында тоқтайды. Негізгі аялдамалар қатарында Көбейтұз көлі, Шарын мен Бозжыра шатқалдары,  Сайрам-Өгем ұлттық паркі бар.

Музыканттар өнер көрсетеді, шеберлік сағаттарын өткізіп, бірлескен перфоманстарда шеберліктерін паш етеді. Жеке және дуэт түріндегі орындауларды халықаралық деңгейдегі кәсіби қазылар  бағалайды.

Бағдарлама Hunan TV телеарнасы мен Mango TV цифрлық платформасында көрсетіледі. Олардың Қытай мен өзге елдердегі аудиториясы 1 миллиардтан астам көрерменді қамтиды.

«Voice Beyond Horizon» жобасы Қазақстанның мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін әлемдік аренада ілгерілетуде маңызды бастамаға айналмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш #Шоу #Музыка
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «жасыл» энергия өндірісі 15%-ға өсті

Бүгін 18:39

Алматыда жылу желілерін сынау жұмыстары жалғасуда

Бүгін 18:12

Алматының Медеу ауданының кей жерінде 12–16 мамыр аралығында газ беру уақытша тоқтатылады

Бүгін 18:09

Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер учаскелері

Бүгін 15:53

Алматыдағы көрмеге 80-нен астам авторлық жұмыс қойылды

Бүгін 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);