AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Димаш Құдайберген чемпион Шайдоровқа автокөлік сый...

Димаш Құдайберген чемпион Шайдоровқа автокөлік сыйлады

Спорт 01.03.2026, 10:25 468
Димаш Құдайберген чемпион Шайдоровқа автокөлік сыйлады
видео скрині

Қазақстандық әнші, Халық әртісі Димаш Құдайберген уәдесінде тұрып, Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровқа су жаңа Hyunday Palisade автокөлігін сыйға тартты, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

«Миша бауырымызды шын жүректен құттықтағым келеді. Қазақ елінің намысын, абыройын күллі әлем алдында өте биік деңгейде әуелетіп бәрімізді марқайтып келді. Сол себептен Мишабайға барлық қазақ елінің атынан тағы да мың мәрте рахмет», - деді Димаш Құдайберген арнайы ұйымдастырылған салтанатты жиында.

Мишаның жеңісі ерекше мақтаныш сыйлағанын жасырмаған әнші «аз да болса көптей көр» деген ниетпен барша қазақ жұртшылығының атынан, өз атынан және отбасының атынан өзінің қолтаңбасы қойылып, тарихи жеңісі ұлықталған жазбасы бар су жаңа Hyunday Palisade автокөлігінің кілтін табыс етті

Ағасының ерекше сыйлығына қуанышын жасырмаған спортшы: «Димашқа осындай сыйлығы үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Енді Димаштың қолтаңбасы менің көлігімнің капотында», - деп жиылған жұртты күлкіге қарық қылды.

Димаш автографы жай ғана жапсырма, алып тастауға болатынын айтып еді, жас спортшы әншінің қолтаңбасын естелікке сақтап қоятынын айтты.

«Құдды әуе кемесі іспетті көлігім бар енді. Осы жиынға қатысып, өткізуге атсалысқан баршаңызға ризамын», - деп жиылған жұртқа және ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);