AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясынан бас тар...

Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясынан бас тартты

Білім және ғылым 05.04.2023, 23:00 1,552 Almaty-akshamy
Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясынан бас тартты
Сурет: Ашық дереккөз

АҚШ-та тұрып жатқан әнші еш жерде оқымайтынын айтты


Өткен жылдың желтоқсан айында әнші Димаш Құдайберген «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Алайда ол стипендияны басқа үміткерге беруді жөн көрді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Димаш Құдайберген «New York Film Academy» академиясында режиссер мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуі керек еді. Бірақ Димаш қазақстандық журналистке берген сұхбатында ол Лос-Анджелесте оқу үшін емес, «Титаник» фильмінің аты аңызға айналған музыкасының авторы, музыкалық продюсер Вальтер Афанасьеффпен ән жазу үшін келгенін айтты.


«Менің жеке концерттік қызметім бар. Дүние жүзіндегі жанкүйерлеріммен кездесіп жүрмін. Осының бәрін оқумен қалай үйлестіремін деп ұзақ ойландым. Көп адам мені Лос-Анджелесте оқиды деп ойлайды екен. Мен тұратын жерде шоу-бизнес өте қатты дамыған. Мысалы, мен Бейжіңде 4 жарым жыл тұрдым, көптеген композиторлармен жұмыс істедім, қазір АҚШ-та тұрамын, бірақ еш жерде оқымаймын.


Титаник әнін және басқа да көптеген танымал әндерді шығарған Уолтер ағайды бәріңіз білетін шығарсыз. Ол - бүгінде аты аңызға айналған әндердің авторы. Сонымен, қазір біз Уолтер ағаймен жұмыс істеп, ән жазуға тырысамыз. Жақында барлықтарыңыз бұл әндерді тыңдай аласыздар деп үміттенемін. Жалпы, мен қазір тек жұмыспен, шығармашылықпен айналысамын», - деді Димаш Рашит Ілиясовқа берген сұхбатында. 


Димаш Құдайберген өзіне тиесілі «Болашақ» стипендиясын келесі жылы талантты қазақстандыққа тарту ететінін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш #болашақ #Стипендия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);