конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Димаш Құдайберген Армениядағы жанкүйерлерімен кезд...

Димаш Құдайберген Армениядағы жанкүйерлерімен кездесті

Мәдениет 02.05.2023, 09:29 1,397
Димаш Құдайберген Армениядағы жанкүйерлерімен кездесті
Сурет: Inform.kz

1 мамырда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Еревандағы концертінен кейін жанкүйерлерімен кездесу өткізіп, олардың сұрақтарына жауап берді.


Еске сала кетсек, 28 сәуірде Димаш Құдайберген Армения астанасы Ереванға ұшып барып, әуежайдан видео жариялаған еді. Кейін жанкүйерлерімен бірге түскен суреттерімен де бөліскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап..  


Концерттен кейін жанкүйерлер Димаш орындаған «Сарери овин мернем» армян әнін YouTube арнаға жариялауды өтінген.


Фан-кездесуде Димашқа бірнеше сұрақ қойылды. Соның бірі әнші дәмін татып үлгерген армян тағамдары туралы болды.



«Армян кәуаптарына сөз жоқ. Өте дәмді. Маған қатты ұнады», - деді Димаш.



Оның айтуынша, армяндар - «өзімізге», яғни қазақтарға ұқсаған өте қонақжай халық.


Осы орайда, ол ұшақта армян азаматымен болған қызық оқиға туралы айтып берді. 



«Ұшақта армян азаматымен сөйлесіп қалдым. Ол кешке не істейтінімді, жұмысым қашан аяқталатын сұрады. Мен білмеймін деп жауап бердім. Сосын ол өз телефон нөмірін жазып беріп, «кез-келген уақытта хабарласыңыз, дастархан жайып қоямыз» деді. Армяндардың қазақтар сияқты қонақжай екенін сонда түсіндім», - деп түйіндеді әнші.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш #жанкүйерлер #Армения
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Respublica партиясы: Ата Заң – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры

Бүгін 12:11

Алматыда Қазақстанның жаңартылған конституциясының күшіне енуіне орай мемлекеттік әнұран шырқалды

Бүгін 12:05

Бизнес өкілдерінің ұсыныстары «Əділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі бастамалар топтамасына енгізіледі

Бүгін 12:01

Алматыда жарты жылда еңбек заңнамасы 600 рет бұзылды

Бүгін 11:36

Алматыда 51 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);