AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Дидар Қами халықаралық айтыстың бас жүлдесіне ие б...

Дидар Қами халықаралық айтыстың бас жүлдесіне ие болды

Мәдениет 06.10.2023, 05:28 1,353 Almaty-akshamy.kz. 
Дидар Қами халықаралық айтыстың бас жүлдесіне ие болды
Сурет: Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығы

Атырауда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған «Ерлігі ерен ер бабам!» атты халықаралық айтыс өтті. Екі күнге созылған айтыстың бас жүлдесін Дидар Қами иеленді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Халықаралық айтысқа Қазақстаннан 11, Қырғызстаннан 2, Моңғолиядан 1 ақын қатысты.


Айтыскерлердің Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрындағы жыр бәйгесін Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов төрағалық еткен қазылар алқасы саралады.


Айтыс екі күнге созылды. Екінші кезеңге 8 айтыскер шықты.


Қазылар алқасының шешімімен айтыстың бас жүлдесі – 1 млн теңге Қарағанды облысынан қатысқан тәжірибелі ақын Дидар Қамиға берілді. Ал бірінші жүлдеге – 750 мың теңгеге Еркебұлан Қайназар (Астана) ие болды.


Өзіндік сөз саптауы, мәнері бар Өнербек Дәулекенов (Атырау облысы) екінші жүлденің 600 мың теңгесін иеленді. Ал, үшінші жүлде – 500 мың теңге екі айтыскерге берілді. Оның бірі – Батыс Қазақстан облысының тумасы Талғат Мықи, ал екіншісі – Қырғызстаннан келген Эсенбек Кийизбаев.


Сондай-ақ, Батыржан Кәдірбай (Атырау облысы), Рауан Қайдаров (Павлодар облысы), Бауыржан Ширмединұлы (Батыс Қазақстан облысы) арнайы жүлдені иемденді.




"Көрермен айтыстың қызықты өткенін қалайды. Қарсыласы мықты болса, айтыскерлер де ашыла түседі. Шабыты оянады. Мемлекет басқарған тарихи тұлға Сұлтан Бейбарыс бабамызға арналған халықаралық айтыс жоғары деңгейде, әрі әділ өтті. Атырауда өткен айтыстан екінші рет бас бәйге алып тұрмын", - деді Дидар Қами.




Ал Қырғызстаннан келген Эсенбек Кийизбаевтың айтуынша, мұндай халықаралық айтыс көбірек өткені жөн.



"Қазақ пен қырғыздың достығын жырға қостым. Өйткені екі елдің ақын-жазушылары бір-бірінің шығармашылығын қолдағанын білеміз. Біз де сол жолды жалғағымыз келеді", - деді Эсенбек Кийизбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айтыс #мәдениет #сөз зергері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 14:20

Президент әкімшілігінің экс-басшысы Әділет” партиясының төрағасы болып сайланды

Бүгін 13:09

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Бүгін 11:55

АҚШ күштері Иран туы ілінген танкерге шабуыл жасады

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);