ffin.kz

Денсаулық саласына ерекше көңіл бөлінді

Денсаулық саласына ерекше көңіл бөлінді almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ұжымы да жан-жақты талқылады. 


Алқалы жиынды Аmanat партиясының Алмалы аудандық филиалы ұйымдастырып, оған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әсия Ақанова, Аmanat партиясы Алмалы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, «KazComfort» ЖШС директоры Махамбет Асабаев және дәрігерлер қатысты. Ақ халаттылар Жолдауда ауқымды мәселелердің қамтылғанын айта келіп, онда денсаулық саласына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.



–  Мемлекет басшысы өз Жолдауында ұлт әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқаратын денсаулық саласын дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Маңызды құжатта еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесінің жоқ екендігі, алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынатыны, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілетіні айтылды. Бұл әлбетте, шалғай ауылдардағы халықтың денсаулығын түзеуге үлкен қамқорлық. Яғни бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасалады деген сөз. Жалпы, медицина саласына мегаполисті дамытуға бағытталған Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары жөніндегі қалалық мәслихаттың сессиясында ерекше назар аударылған, – деді мәслихат депутаты Әсия Ақанова.    



Жиында ақжелең киген абзал жандар Мемлекет басшысы Жолдауының міндеттерін талқылап, алдағы уақытта осы қадамдар бойынша атқарылатын жұмыстар жүзеге асатынына сенім білдірді.   


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43