AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген «Соқыр м...

Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген «Соқыр махаббат» фильмі шетелде көрсетіледі

Не? Қайда? Қашан? 20.07.2022, 08:57 1,778
Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген «Соқыр махаббат» фильмі шетелде көрсетіледі
Сурет: 24.kz

Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильм Қазақстан мен Оңтүстік Кореяда көрсетіледі.


Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген «Соқыр махаббат» фильмі 28 шілдеден бастап прокатқа шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Фильмнің бас продюсері Тимур Бекмамбетов пен спортшының анасы Оксана Тен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сюжет бойынша, қыз бен жігіт әлеуметтік желіде танысып, бір-біріне ғашық болып қалады. Кейін қыздың керең-мылқау, ал жігіттің көзі көрмейтіні анықталады. Фильмде әлеуметтік желі кез келген тосқауылды жойып, шынайы махаббатқа жол беретіні көрсетілген. Денис Тен сценарийді 2018 жылы Тимур Бекмамбетовтің кинокомпаниясы атынан Screenlife Contest байқауына қатысу үшін жазған. Өтінішін жасырын жолдап, финалистер қатарынан көрінді.



«Мен Дениске питчингке қатысу идеясы туралы айттым. Сосын ол жасырын түрде өтініш берді. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 250-ден астам өтінім түскен. Нәтижесінде Мәскеуде өткен халықаралық байқауда Денис жеңімпаз атанды. Біз түсірілімді Лос-Анджелестен бастауды жоспарлап қойған едік. Бұл қайғылы оқиғадан бір ай бұрын болған еді. Кейін Денистің анасымен бірге бұл фильмді түсіру керек деп шештік», - дейді Денистің досы, атқарушы продюсер Игорь Цай.



Түсірілім 2019 жылдың басында басталып, үш айға созылды. Режиссер Венеция кинофестивалінің жеңімпазы Чак Че болды. Халықаралық фильмді түсіруге қазақстандық мамандар да белсене атсалысты.


Игорь Цайдың айтуынша, фильм ел назарына 28 шілдеден бастап жол тартпақ. Сонымен қатар күзде Оңтүстік Кореяда прокатқа шығады. Айта кетейік, кинотуындының сценарисі Денис Тен осыдан 4 жыл бұрын 25 жасында пышақ жарақатынан қаза болған еді. Еске салайық, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Денис Тен #фильм #Прокат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);