ffin.kz

«Дауыс берушілер саны көп»

«Дауыс берушілер саны көп»

Exit poll-ға қатысқан ұйымдардың сұхбатшылары қазір ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға сайлаушылардың қатысуы мен дауыс беру барысы туралы сауалнама жүргізіп жатыр.


Exit poll бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында белсенді жұмыс істеуде. Бұл – сайлау нәтижелерін ресми түрде санау алдында жылдам алдын ала анықтау әдісі.


Алматыдағы «Астана» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының интервьюері Ильяс Кубриянов мұндай форматта бірінші рет жұмыс істеп тұрған жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, дауыс беру процесі – ол үшін қызық тәжірибе.


Жас жігіттің өзі де бір кездері сайлау комиссиясының мүшесі, қоғамдық бірлестіктерден байқаушы болған. Ильяс Кубриянов №75 мектеп жанындағы №140 сайлау учаскесіне дауыс беріп, сауалнама жүргізуді жөн көргенін атады. Оның мәліметінше, алматылықтар таңертеңнен бері белсенді түрде дауыс беруге қатысқан.



«Мен барған сайлау учаскесінде белсенділік өте жоғары болды, оның дәлелі біз мұнда сайлау учаскесі ашылғанға дейін келдік. Сол кездің өзінде дауыс беруге келгендер көп болды. Егде жастағылар да, жастар да белсенді болды. Барлығы мерекелік көңіл-күйде, көздерінде болашаққа деген сенім көрініп тұрды. Сайлауға келгендерден өзгертулерді қолдайтынын, не қолдамайтынын сұрадық. Келгендердің көпшілігі өзгерістерге «иә» деп дауыс берген, «қарсымын» деп жауап бергендер аз. Арасында жауап беруден бас тартқандар да болды, бұл – олардың құқығы», – деді И.Кубриянов.



Референдумда дауыс берген халықтың оң көзқарасы мен белсенділігі Нұр-Сұлтан қаласында да байқалады. «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының exit poll өкілі Әділбек Асан «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының №115 сайлау учаскесінде дауыс берген. Ол аталған аймақта аға буын өкілдері де, жастар да бірдей белсенді дауыс бергенін мәлімдеді.



«Адамдардың көңіл-күйі позитивті. Мен участкеде таңғы 7:00-ден бастап, 19:00-ге дейін боламын. Осы аралықта келген адамдар өте көп болды. 115-ші сайлау учаскесінде көп адам тіркелген. Жастар да, аға буын да дауыс берді. Сайлау учаскесінен шыға берісте азаматтардың қалай дауыс бергенін сұрадық. Сауалнамаға қатысу ерікті болды. Өз ұстанымдарын айтудан бас тартқандар да кездесті.  Алайда участкеде ешкім ештеңеге шағымданған жоқ. Барлығының көңіл-күйі көтеріңкі болды», – деді Ә.Асан.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04