Дауыл, жауын, бұршақ жауады

Дауыл, жауын, бұршақ жауады Almaty-akshamy.kz

Бүгін ел аумағында 14 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға  «Қазгидромет» РМК  болжам жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік циклоны және олармен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР арқылы жылжи отырып, найзағайлы жаңбыр, солтүстік пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ әкеледі.

«Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстігі мен орталығында дауыл, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді», деп жазды ведомство.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:29

19:26

18:14

17:40

17:25

17:11

16:45

16:35

16:20

16:08

16:07

15:44

15:31

15:19

15:02

15:00

14:44

14:30

14:16

14:10

12:28

12:19

12:05

11:47

11:34