AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Дәрігерлер алматылықтарға кене энцефалитінен сақта...

Дәрігерлер алматылықтарға кене энцефалитінен сақтану шараларын айтты

Медицина 03.04.2023, 13:16 1,593
Дәрігерлер алматылықтарға кене энцефалитінен сақтану шараларын айтты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кене энцефалитінің инфекциясы денеге жабысқан кенеден немесе ауру ешкі мен сиырдың шикі сүтін қолданудан да жұғуы мүмкін.


Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматолог-ортопед дәрігері Қанат Тезекбаев кене энцефалитінің белгілерін еске салып, оның алдын алу шараларымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Кене энцефалиті – тұрақты табиғи ошақтарда пайда болатын, дене температурасының жоғарылауымен, интоксикациямен және жүйке жүйесінің зақымдануымен көрінетін қауіпті вирустық инфекция.



Қ.Тезекбаевтың айтуынша, Алматы қаласында күн жылынғалы кене шағып, медициналық көмекке жүгінген науқастардың саны артқан. Өткен аптада ғана 52 науқас мамандардың көмегіне жүгінді, оның 23-і - бала. Көбінесе кене шағу жағдайлары қала маңы мен тау баурайында орын алды.


"Денеге жабысып қалған кенені теріден алған кезде оның бізтұмсығының қалып қоймауын қадағалап, мүмкіндігінше тезірек алып тастау керек. Мұны травматологиядағы дәрігердің жасаған дұрыс", - деп кеңес береді ҚДСБ  бас штаттан тыс травматолог-ортопеді.



«Егер дәрігерге бару мүмкіндігі болмаса, дәріханада немесе кез келген басқа жерде сатылатын қысқышы бар арнайы пинцет қолдануға болады. Кенені барынша жабысқан жерінен ұстау керек, пинцетті тістеген жерінен перпендикуляр ұстаңыз, кененің денесін айналдырған күйі алу керек. Көп ұзамай кене де теріден өздігінен шығуы керек», - деп толықтырды Қ.Тезекбаев.



Кенелер адамды негізінен тері тіндері ең жұмсақ жерлерін шағады, оларға мыналар жатады: құлақтың сырт жағы, мойын, бастың шашы бар бөлігі, шынтақтың ішкі жағы, қолтық асты, іш, шап, жіліншіктің ішкі жақтары, тізе асты. Кененің шаққаны білінбейді: жәндік жараға ауырсынуды басатын зат енгізеді.


Кене энцефалитіне жәндіктің өзі шаққаннан басқа, ауру ешкі мен сиырдың шикі сүтін ішу арқылы да жұғуы мүмкін. Көктемде және жазда кенелер адамға күннің немесе түннің кез келген уақытында қауіп төндіреді.



«Энцефалит вирусын жұқтырған кене шаққаннан кейін үш күн ішінде шұғыл профилактика жүргізу қажет: дене салмағының 10 кг-на 1 мл дозада кенеге қарсы иммуноглобулин енгізу немесе сәйкес схема бойынша йодантипирин қабылдау қажет. Энцефалиттің асқынуының қауіптілігі сонша, алдын алған маңызды», - деп кеңес берген дәрігер вакциналаудың басты профилактика екенін атап өтті.



Жеке қорғаныс шараларынан басқа, маман қала маңындағы аумақтарда алдын алу жұмыстарын жүргізуді ұсынады. Бұл шараларға мыналар жатады:


- аумақтан қоқысты шығару;


- үй жануарларының жүнін арнайы құралмен өңдеу, оларды мұқият тексеру;


- үркітетін өсімдіктерді отырғызу;


- жерді ескірген бұтақтар мен шөптерден жүйелі түрде тазалау, көгалдарды жүйелі түрде шабу;


- құстарға арналған жем салғыштарды орнату – кенелердің табиғи жаулары;


- кеміргіштерді – жәндіктердің негізгі тасымалдаушыларын жою;


- қоршаудың жанында ені 100 см үгінділер немесе қиыршық тас жол түрінде кедергі жасау.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кене #энцефалит #инфекция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);