AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Дәрігерлер 100-ден аса науқастың жарақат пен күйік...

Дәрігерлер 100-ден аса науқастың жарақат пен күйік салдарын қалпына келтірді

Медицина 06.01.2024, 05:37 1,389
Дәрігерлер 100-ден аса науқастың жарақат пен күйік салдарын қалпына келтірді
Сурет: gov.kz

Елордадағы №1 көпсалалы қалалық аурухананың дәрігерлері түрлі жарақаттар мен сырқаттардан кейін реконструкциялық ота жасауды қажет еткен 100-ден аса науқастың өмір сүру жағдайын қалпына келтірді.


Пациенттерге бұл күрделі де қымбат оталар – жоғары мамандандырылған реконструкциялық көмек МӘМС жүйесі бойынша тегін жасалады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана филиалына сілтеме жасап.


Реконструкциялық пластикалық хирургия жай ғана пластикалық хирургия емес. Хирургияның бұл саласы жарақаттардың, күйіктердің, туа біткен және жүре пайда болған ақаулардың салдарын қалпына келтірумен айналысады. Реконструкциялық хирургияның мақсаты – ең алдымен дене мүшелерінің қызметін, сондай-ақ эстетикалық көрінісін қалпына келтіру.



«Реконструкциялық хирургиядағы әрбір дерлік жағдай жан-жақты дайындықты және ұзақ уақыт қалпына келтіруді қажет етеді. Біздің пациенттеріміздің жағдайында көбіне хирургиялық араласудың бірнеше сатысын қажет етеді. Ең бастысы, бұл оталарды пациенттерге тегін МӘМС аясында жасауға мүмкіндігіміз бар, әйтпесе, ойлап қараңыз, тек бір науқасқа сапалы өмір салтына оралу үшін шамамен 8-9 қымбат ота қажет болуы мүмкін», - дейді Астана қаласындағы №1 көпсалалы қалалық аурухананың жоғары санатты пластикалық хирургы Нұрлыбек Бекбауов.



Осындай науқастардың бірі Ержан электрик болып жұмыс істейді, ол жұмыс кезінде электр тоғынан жарақаттанған. Хирургтің айтуынша, бастапқыда екі қолды да кесу туралы сөз болған, бірақ дәрігерлер қолдың үстіңгі бөлігі мен саусақтарын аман алып қалған, бәрі орнында. Үш рет қалпына келтіру кезеңінен өткеннен кейін екі қолымен де бұрынғыдай жұмыс істей алатын болды.



«МӘМС жүйесінің арқасында мен барлық медициналық қызметтерді тегін алдым. Отадан кейін қолдарым әлдеқайда жақсы қозғала бастады, қолдарымды еркін ашып-жұма аламын. Терісі де жұмсарды. Қалпына келтіру  бойынша дәрігер айтқан барлық ұсынымдарды орындаймын»,– деді пациент.



Дәрігердің айтуынша, көп азаматтар ел ішінде МӘМС жүйесінде тегін емделу мүмкіндігін біле бермейді, шетелдік емханаларды таңдайды немесе мүлде емделмей жүре береді. Қазіргі уақытта портал арқылы 24 түрлі патологияны емдеуге болады. Олар: қабақтың жұмысын бұзатын ақаулар, күйік пен үсік шалудың салдары, бас сүйегінің, беттің сүйектерінің ақаулары, т.б.


Елордада мұндай реконструкциялық оталар саны жыл санап артып келеді. Мәселен, 2023 жылы МӘМС жүйесі бойынша бір ғана №1 қалалық ауруханада 100-ден астам науқасқа реконструкциялық ота жасалды. Өткен жылдары орташа есеппен 70-80 адам емделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер #медицина #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);