ffin.kz

Дәрігер темекі жайлы мифті жоққа шығарды

Дәрігер темекі жайлы мифті жоққа шығарды Сурет: Tirshilik-tynysy.kz

Никотин тыныштандырмайды, керісінше күйзеліс механизмін іске қосады. Ресейлік маман, онколог темекі тартатын адамдар өздерін сол арқылы тыныштандырамыз деп ойлауы дұрыс емес екенін алға тартты.


Шылым шегетіндердің көбі темекі оларға күйзелісті жағдайды басып, сәл босаңсуға көмектеседі деп санайды. Бірақ медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер онколог А.Нефедов бұлай ойлау қате дейді. Ол никотин көмегімен күйзелісті басуға болады деген мифті жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Нефедов айтуынша, жоғарыда айтылған пікірдің көп айтылатынына қарамастан, никотин тыныштандырмайды, керісінше, ол күйзеліс механизмдерін биологиялық деңгейде іске қосады.



«Темекі түтінін ішке тату кезінде никотин қанға енеді де, мидың нейротрансмиттерлер (гипоталамус, гипофиз) өндірісіне жауап беретін аймақтарына және бүйрек үсті бездерге әсер етеді. Мидағы никотиннің арқасында бүйрек үсті безіне әсер ететін арнайы гормон бөлінеді, ал олар өз кезегінде кортизол — күйзеліс гормонын бөледі», — деп түсіндірді ол күйзеліс реакциясының басталу механизмін.



Темекі шегуден кейінгі ғажап күй сыйлайтын босаңсу туралы кең таралған пікірдің негізі бар, өйткені никотин дофаминді (қанағаттануға жауап береді), серотонинді (қуаныш гормоны) және норадреналинді (жылдам шешімдер мен сергуді) бөледі.  Бірақ маман атап өткендей, бұл әсермен бірге күйзеліс факторы бірден қосылады, сонымен қатар никотин тәуелділікті тудырады. Бұл физикалық және эмоционалдық жағдайдың нашарлауына әкеледі, бұл да айтарлықтай күйзелісті жағдайды тудырады, деп ескертті онколог.


Никотиннің жағымды эмоционалды әсері қысқа мерзімді, ол бірден күйзелістің пайда болуымен ауысады. Сонымен қатар, никотин тек психоактивті зат емес, сонымен қатар, у болып саналады. Темекі шегу кезінде никотинмен бірге денеге 40-тан астам канцерогендер енеді. Бұл, ең алдымен, өкпеге айтарлықтай зиян келтіреді. Сондықтан темекі шегу -  өкпенің қатерлі ісігін өршітетін дәлелді себеп. 30 жыл бойы немесе одан да көп уақыт темекі шеккен адамдар бұл аурудан қауіп бар топта болатыны айдан анық.


Өзін-өзі қорғау үшін, деп қосты ол, көп жыл темекі тартып жүргендер  бейінді зерттеулерден өтуі керек - төмен дозалы компьютерлік томография. Дәрігердің айтуынша, бұл әдіс өкпенің қатерлі ісігін ерте сатысында анықтайды, оны емдеудің ең тиімді тәсілі береді  және адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігін арттырады.


Темекіні тастау ешқашан кеш емес, бірақ оны мүмкіндігінше ертерек жасаған дұрыс. Дененің қалпына келуіне уақыт болады, өкпе қайтадан қалыпты жұмыс істейді. Бірақ темекімен қош айтысуды ұзаққа созбаған жөн. Егер адам күйзеліске ұшыраса, онда темекі шегу әдетін алмастыратын тыныс алу әдістерін қолданған жөн. Егер мазасыздық өмір сапасын нашарлатса, сізге психологтың немесе психотерапевттің көмегіне жүгіну керек. Кері көзқарастарды өзгерту адамға жағымсыз өмірлік жағдайларды жеңуге айтарлықтай көмектеседі


Онколог барлығын өмірін жақсарту және ағзаға күйзелісті жағдайларды жеңуге көмектесу үшін денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға шақырды. Дәрігер сонымен қатар темекі шегетін адамдарға бұл жаман әдеттен тезірек бас тартуға кеңес берді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58