Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Дәрігер Шумковты өлтірген қылмыскер 18 жылға бас б...

Дәрігер Шумковты өлтірген қылмыскер 18 жылға бас бостандығынан айырылды

Оқиға 16.01.2023, 12:24 1,153
Дәрігер Шумковты өлтірген қылмыскер 18 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: Ашық дереккөз

Сотталушыға бірден ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды


Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс бойынша сотталушыға жалпы 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.



"Сотталушы Нұржан Тұрсынбаевқа бірден ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша жалпы 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья Еркін Майшынов.



Сотталушыға бірден ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды:


ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру»);
ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы («Қорқыту»);
ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 2 және 3-бөліктері («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»);
ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау немесе қорқытып алу»);
380-баптың 1-бөлігі («Билік өкіліне қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері»).
Қылмыскер жазасын барынша қауіпсі мекемеде өтейді. Ол марқұмның отбасына 15 миллион теңге өтемақы төлеуге тиіс.


10 қаңтар күні гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс бойынша өткен сот отырысында прокурор айыпталушыны қатаң режимдегі мекемеде 20 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған еді.


Белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков 2022 жылы 4 сәуірде Алматыдағы көлік тұрағында кісі қолынан қаза тапты. Кейін полиция қылмыскердің дәрігерге бірнеше рет барған клиенті екенін анықтаған. Дәрігерді өлтіргенге дейін айыпталушымен кездесу туралы Юрий Шумковтың әріптесі де айтты.


2022 жылы 22 қарашада Шумковтың жесірі сотта сөз сөйледі. Ол өтемақы ретінде 105 миллион теңге талап етті.


2023 жылдың 4 қаңтарында сот отырысында сотталушы Юрий Шумковты қалай атқанын айтып берді. Ал 6 қаңтардағы отырыста айыпталушы дәрігердің анасы мен жесірінің моральдық және материалдық шығынды өтеу туралы талабын қабылдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дәрігер өлімі #сот #Шумков
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика