Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен биыл Алматыда ха...

Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен биыл Алматыда халықаралық турнирлер өтіп, біраз спорттық жоба қолға алынады

Барлығы 15.01.2026, 14:41 256
Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен биыл Алматыда халықаралық турнирлер өтіп, біраз спорттық жоба қолға алынады
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

2026 жылы Алматы қаласында қала әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасы мен тапсырмалары аясында енгізілетін жаңа жобалардың ішінде халықтық, инклюзивтік және осы заманғы спортты дамытуға ерекше назар аударылған.

«Спорт – достық алаңы» жобасы барлық ауданда кең ауқымда іске асып, тұрғындар мен қала қонақтарының оған белсенді түрде қатысуын қамтамасыз етпек. Алматы қаласының Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде осылай деп хабарлады.

Наурыз айынан бастап Almaty Marathon жобасымен бірлесіп «ACTIVE CITY HUB» бастамасы іске қосылып,  әр жексенбі күні сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін медиа тұлғалар мен фитнес жаттықтырушылары қатысатын шеберлік сабақтары мен шағын іс-шаралар өтпек.

«Біз бұл іс-шараларға 10 000-нан астам қала тұрғыны қатысады деп  отырмыз», – дейді Дархан Нұрханұлы.

Сонымен қатар, Қазақстанның шоу-бизнес жұлдыздарының командалары қатысатын Media Basket баскетбол медиа-лигасы да басталады. Бұл жоба баскетболды танымал етіп, спорт, мәдениет пен медиа арасындағы байланысты нығайта түсу үшін қолға алынып отыр.

 «BLAST PREMIER BOUNTY ALMATY» киберспорт турнирін өткізу де ойластырылып жатыр. Қазір жарыстың күні мен өтетін орны анықталды.

«Бұл іс-шара қаланың киберспорт картасында маңызды орын алып, ойыншылар мен көрермендердің назарын аударады», – деді Спорт басқармасының басшысы.

2026 жылы ерекше балаларды спортқа тартуға ерекше көңіл бөлінеді. Арнайы білім беруге мұқтаж балалардың оңалуы, әлеуметтік бейімделуі мен спортқа қатысуына бағытталған балалардың паралимпиадалық спортын дамыту бағдарламасы да осымен қатарласа әзірленіп жатыр.

Гарвард пен Оксфорд университеті қатысатын Дүниежүзілік шахмат универсиадасын өткізу, 20 ел қатысатын әуесқой велоспорттан әлем чемпионатын ұйымдастыру, сондай-ақ студенттік лиганы колледждер лигасына кеңейтіп, шамамен 88 колледж бен 7 мың студентті қамту жағы да қаланың жоспарына кірген.

«Біздің мақсатымыз – спортты қаланың барлық тұрғындары үшін қолжетімді, қызықты ету. Алматылықтардың әрқайсысы дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік алуы керек», – деп түйіндеді Дархан Нұрханұлы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі