AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды қалалық Полиция департаментінің ж...

Дархан Сатыбалды қалалық Полиция департаментінің жаңартылған инфрақұрылымымен танысты

Барлығы 17.09.2025, 15:44 588 Сұлу
Дархан Сатыбалды қалалық Полиция департаментінің жаңартылған инфрақұрылымымен танысты
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Полиция департаментіне барды. Сапар барысында ол ішкі істер органдарының қызметімен, департамент ғимараттарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен алынған жаңартылған техникамен танысты.

Қауіпсіздікті арттыруға және полиция жұмысының тиімділігін көтеруге бағытталған заманауи автокөліктер мен арнайы құралдар көрсетілді.

Әкім сондай-ақ Полиция департаментінің Жедел басқару орталығында (ЖБО) болып, бейнебақылау жүйесінің жұмысымен және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде цифрлық технологияларды енгізу барысымен танысты.

Алматыдағы ЖБО 2000 жылдың желтоқсанында ашылып, Қазақстандағы алғашқы орталық болды. Бүгінде мұнда тәулік бойы 28 қызметкер жұмыс істейді. Жүйеге 53 мың камера қосылған, олардың ішінде бет-әлпетті тану функциясы бар құрылғылар да бар. Иелерінің келісімімен мұндай технологиялар ойын-сауық орындарында — барлар мен мейрамханаларда да орнатылады. Олар құқық бұзушылықтың алдын алуға және іздеуде жүрген азаматтарды анықтауға қолданылады. Жыл соңына дейін Target платформасына тағы 8 мың камераны қосу жоспарланған.

Дархан Сатыбалды қала тұрғындарының қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтіп, полицияның материалдық-техникалық базасын нығайтудың және халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырудың маңыздылығын баса айтты.

Департаментті аралауға қала әкімі аппаратының басшылары, Алматы мәслихатының депутаттары және Полиция департаментінің басшылық құрамы қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Бүгін 14:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);