конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды қала тазалығына бақылауды күшейті...

Дархан Сатыбалды қала тазалығына бақылауды күшейтіп, жаңа көріктендіру бағдарламасын іске қосуды тапсырды

Алматы 15.04.2026, 12:17 477
Дархан Сатыбалды қала тазалығына бақылауды күшейтіп, жаңа көріктендіру бағдарламасын іске қосуды тапсырды
Алматы әкімдігі

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде қалалық ортаны жақсарту және көріктендіру мәселелері қаралды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиын барысында аумақтарды санитарлық тазалау, қалалық инфрақұрылымды бояу және әктеу, көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау, сондай-ақ жұмыстардың орындалуына бақылауды күшейту жайы талқыланды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында барлық қызметтің үйлесімді жұмыс істеуі маңызды екені айтылды. Осы мақсатта 1 сәуірден бастап қалада «Бір аудан — бір мердігер» қағидаты енгізіліп, мердігер ұйымдардың жауапкершілігі күшейтілді.

Қалада ағаштарды санитарлық мақсатта кесу, көше жиһаздары мен аялдамаларды жаңарту, инфрақұрылымды жөндеу, сондай-ақ арық жүйесін су тасқыны кезеңіне дайындау жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, жұмыстардың орындалуын және техниканың қозғалыс бағытын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық шешімдерді енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

2026 жылдың мамырдан бастап «Қала тазалығы — ортақ жауапкершілік» (Responsible City) бағдарламасы іске қосылады. Оның мақсаты — қала тазалығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Осы жоба аясында Қоғамдық кеңес жанынан қалалық комиссия құрылады. Мамыр мен қыркүйек аралығында көшпелі тексерулер, цифрлық есепке алу және аудандар, нысандар мен бизнес субъектілерінің рейтингісін қалыптастыру арқылы мониторинг жүргізіледі.

Бағдарлама ауланы көріктендіруді, кіреберістерді күтіп ұстауды, көшелерді бизнеске бекітіп беру, экологиялық бақылауды күшейту және тұрғындарды тартуды қамтиды. Кеңес соңында үздік аудан анықталып, нәтиже әкімдіктердің жұмысын бағалауда ескеріліп, тиімді тәжірибелерді таратуға негіз болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Алтынсарин даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:08

Air Astana тұрақты сатып алулар саласында IATA ISP сертификатын алды

Бүгін 18:52

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шаймерденов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:52

Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы екі күнге шектеледі

Бүгін 18:46

Қазақстан еркін күрестен Армениядағы халықаралық турнирде алты медаль жеңіп алды

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);