Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды Алматыны ғылыми және білім беру х...

Дархан Сатыбалды Алматыны ғылыми және білім беру хабы ретінде дамыту жайын Coventry University басшылығымен талқылады

Барлығы 23.06.2025, 11:45 727
Дархан Сатыбалды Алматыны ғылыми және білім беру хабы ретінде дамыту жайын Coventry University басшылығымен талқылады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Ұлыбританияның жетекші оқу орындарының бірі – Coventry University-мен серіктестікті дамыту, Алматыда инженерлік кампус ашу мәселесіне арналған кездесу өткізді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Кездесуге Coventry University проректоры, кәсіпкерлік және инновациялар жөніндегі маман Пол Нун, Primus Education президенті Алистер Бартоломью және Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов қатысты.

Coventry University Kazakhstan – Қазақстанда ресми түрде ашылған алғашқы шетелдік университеттердің бірі. Университеттің алғашқы кампусы 2024 жылы Астанада ашылған. Қазіргі таңда онда 360-тан астам студент білім алып жатыр. Оқу толықтай ағылшын тілінде жүргізіледі, ал оқытушылар құрамы Ұлыбританиядан келген мамандардан тұрады.

Кездесу барысында Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы ғылымды дамытуға, озық технология мен инновациялық шешімдерді енгізуге айрықша көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

«Алматы тек қаржылық және іскерлік хаб қана емес, сонымен қатар ғылыми-білім беру орталығы ретінде де қарастырылады. Ресми статистика бойынша қалада шамамен 2,5 миллион адам тұрады, оның 30%-дан астамы – жастар. 200 мыңнан астам студент 35-тен астам жоғары оқу орнында білім алып жатыр», – деді әкім.

Жоспарға сәйкес, Coventry University Kazakhstan Алматының бизнес-қоғамдастығымен, қалалық құрылымдармен және білім беру мекемелерімен стратегиялық әріптестік орнатуды көздейді. Негізгі мақсат – еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау және қаланың технологиялық дамуына қолдау көрсету.

Осы мақсатта университет Алматыда инженерлік кампус ашуды жоспарлап отыр. Ол машина жасау, электр энергетикасы, атом энергетикасы және құрылыс салалары бойынша мамандар дайындауға басымдық береді.

«Біздің мақсатымыз – елдің негізгі салаларының дамуына үлес қоса алатын білікті мамандар даярлау. Оған ақпараттық технология, қаржы, бизнес және кәсіпкерлік те кіреді. Біз тек Астана емес, бүкіл Қазақстан еңбек нарығының сұранысына бейімделген бағдарламалар ұсынамыз. Алматы – жас әрі дарынды мамандарға тұрақты сұранысы бар, әлеуеті жоғары мегаполис», – деді Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов.

Кездесу соңында Дархан Сатыбалды қала әкімдігі білім беру ортасын дамытуға бағытталған жобаларға ашық екенін және оларды жан-жақты қолдауға дайын екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #университет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика